Мүмкіндігі шектеулі жандар спортта да белсенді
Бүгінгі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санатына жататын 800 мыңға жуық адам бар.
Сол себептен Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар жандар мен мүміндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік тұрғыда әркез көмек беріліп келеді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз қоғам қалыптастыру жобасы арқылы мемлекетімізде биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап ерекше қажеттілігі бар азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері 14,5 пайызға артады. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жан-жақты қолдау мақсатында республикалық деңгейде үлкен іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Оған нақты дәлел ретінде Астана қаласында өткен Астана қалалық турнирінің ашылу слатанында өткен Бочча спортын атауға болады. Сонымен қатар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында да Боччадан үш күнге жалғасқан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Аталмыш шараға еліміздің он бес өңірінен командалар қатысқан болатын.
Жоғарыда атап өткен шаралар «Саламатты Қазақстан» жобасы аясында өткізіліп келеді. Жобалар мен іс-шаралардың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғамдық ортаға бейімделіп, қарым-қатынас жасай алуына ықпал етері сөзсіз. Бұл сенат тарапынан өткізіліп жатқан шаралар болса, енді еліміздің әр өңірлерінде өткізіліп жатқан шараларға келсек, Петропавл облысында жуырда ғана мүгедектігі бар жандар арасында үлкен спартакиада өтті. Спартакиадаға төрт жүзден аса спортшы қатысты. Аталмыш жарыс арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың спортта да белсенді екендерін аңғаруға болады. Жергілікті жарыстарға қатысып, Қазақстанның намысын қорғап жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар да көп екен. Мәселен, халықаралық деңгейдегі спортшы Иван Зарезный: «Қазір Қытайда өтетін халықаралық жарысқа дайындалып жүрмін. Бұған дейін аталған жарысқа қатысып, ІІІ орын алған болатынмын. Бұл жолы бас жүлдені иеленгім келеді», – дейді.
Ал Солтүстік Қазақстан облыстық спорт федерациясының вице-президенті Бауыржан Құлжанов аталмыш жарысқа қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келе жатқандығын айтады.
Мені қуантатыны, жылдан-жылға жарысқа қатысушылардың саны өсіп келе жатыр. Қаншама жастарымыз жарыстарда бақтарын сынап, тіпті халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Әлі де сол жастарымыздың болашақтарына сенім артамыз. Әрі оған жағдайда жасап келеміз, – дейді
Міне, елімізде аяқ-қолы сау азаматтар спортпен айналыса алмай жүргенде, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз біразын басып озды. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтарға арнайы спорт кешендері беріліп, үлкен спартакиадаларға қатысуларына жағдайлар әлі де жасалына береді деп сенеміз.