Қоғам

Мұнай бағасы шарықтап кетті

Әлемдік нарықта мұнай құны күрт өсті. Бұған Дональд Трамптың Иранға қатысты мәлімдемесі әсер еткен.

мұнай

Сәрсенбі күні маусым айына арналған Brent маркалы мұнай бағасы 7,1%-ға өсіп, баррелі 119,19 долларға жетті.

Reuters дерегінше, мұндай деңгей соңғы рет Ресей мен Украина арасындағы соғыстың алғашқы кезеңінде тіркелген. Ал WTI маркалы мұнай 107 доллардан асып, шамамен 7,6%-ға қымбаттады. Бұған дейін Трамп Axios басылымына берген сұхбатында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісім болмайынша, Ормуз бұғазының ашылуына қарсы екенін айтқан.

Ал The Wall Street Journal бұл шектеу бірнеше айға созылуы мүмкін екенін жазды. Сонымен қатар Пентагон мәліметінше, Иранмен шиеленіс АҚШ-қа шамамен 25 млрд доллар шығын әкелген. Қаражаттың басым бөлігі әскери шығындарға, соның ішінде оқ-дәріге жұмсалған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз