Қоғам

Наурызбай ауданында сегіз мың орынды 5 жаңа мектеп салынады

Наурызбай ауданында сегіз мың орынды 5 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.

Наурызбай ауданында сегіз мың орынды 5 жаңа мектеп салынады

«Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында» Жайлы мектеп " ұлттық жобасы аясында 7900 орындық 5 жаңа мектепті жобалау және салу жұмыстары жүргізілуде", — деді әкім. 

2024 жылдың I тоқсанында Алматның Наурызбай ауданында "Әлем сити" ТК аумағында 1200 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, қазан айында  Шұғыла ш / а № 174 мектепке 375 оқушыға арналған қосымша құрылыс басталады. 

Оқушыларды қосымша біліммен қамту үшін де шаралар қабылдануда. 2023 жылдың маусым айында Алматының Наурызбай ауданында аптасына 5000 келушіге арналған көпсалалы инновациялық шығармашылық орталық ашылды. Бұл орталық 600 баланы қосымша біліммен қамтуға көмектеседі. Орталықта бүгінде ғылыми-технологиялық және шығармашылық-эстетикалық бағыттар бойынша 13 үйірме жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, «Мектеп автобусы» жобасы аясында Наурызбай ауданындағы ең мұқтаж екі мектепке — №186 және №200 мектептерге 2000 оқушыны тасымалдаумен қамтуға мүмкіндік беретін 5 автобус бөлінеді. Автобустар 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі деп болжанған.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз