Саясат

Назарбаев өзін әлі президент сезіне ме?

Кеше «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілгенотырысы өтті. Кеңесте партия басшысы елдегі көптеген саяси, әлеуметтік,экономикалық мәселелерді айтты.

Назарбаев өзін әлі президент сезіне ме?

Бірақ өзін партия басшысы емес, Мемлекетбасшысы ретінде сезінді. Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Дархан ҚАЛЕТАЕВТЫтұрғызып қойып, ескерту айтты. Бір партияның басшысы Президент Әкімшігілігібасшысының орынбасарын тұрғызып қойды. Екіншіден, министрлердің, басшылардыңөздерін партия мүшелері екенін ұмытып кететіндерін айтты. «Ұнамаса шықсын,басқа адамдарды  таңдаймыз» деді. Сондаминистрліктен партия күшті болып тұр ма? Бұл Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «елді бәрібірмен билеп отырмын» деген емеуріні екені жалпақ елге түсінікті болды. Жиынғақатысқан қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жиында бір ауыз сөз сөйлегенжоқ. Ал Н. Назарбаевтың біраздан бері ішіне сөз толып қалған болуы керек,сөйлеуден тоқтамады.

«Шымкентте партияның туын жұлып тастады. Бұлоқиға орталық кеңсенің алдында болды. Біреуі де ләм-мим деген жоқ. Партия қайда қарады? Артынан бәрін орнына келтіруге туракелді. Міне, бәрі осындайда байқалады. Партия, “Nur Otan” дейміз.Бірақ тып-тыныш отырамыз. Бір нәрседен қорқамыз ба?», – деді Назарбаев.Осы жерде Назарбаевбелсенділердің нұротаншылын, бірақ бір кезеңдерге келгенде үндемей қалатынпсихологиясын байқаған. Бірақ тағы да «Неден қорқамыз?» деп, «елдегі негізгікүш – біз» дегенді партияластарына сездіріп отырды. Яғни, Қазақстандағы басқапартиялардың қауқарсызын бәрі біліп отыр. Ал Назарбаев болса, оларды көпекернеуелемей отыр. 

«Партиямыздың дамуының жаңа кезеңге келіп отырғанынбәріміз түсініп, біліп отырмыз. Заман өзгерді, жағдай өзгерді. Nur Otanеліміздің жетекші күші ретінде саяси басшылықты бекемдеп, стратегиялық бағыттанауытқымау үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс. Бұл құр әншейін айтылған сөземес. Біз Қазақстанның, халықтың ортасындағы елді жетелейтін ұйымбыз. Егер деондай рөлді орындамасақ, онда біздің орнымызға басқа партия келеді. Сондықтанжауапкершілікті әр уақытта түсінуіміз керек», –  дейді тағы бір сөзінде.Дегенмен егер парламенттік елге айналсақ, «Нұр-Отанның» бәсекелестері туып қалама деген қауіп те жоқ емес сияқты. Назарбаев былтыр өзі президент болыптұрғанда біраз құзыретін Парламентке, Үкіметке өткізіп берген. Сөйтті де, өзіел тізгінін тапсыра салды. Енді Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы президент сияқтықұзыреті көп емес екені түсінікті. Сонда қазақ қоғамы азаматтық қоғам сипатыналып кетсе, Назарбаев партиясы әлсіреуі мүмкін. Бұл биліктен біржола айырылудеген сөз. Бірақ оған әккі саясаткер жол бере ме?  «Біз өз бастамаларын ұсынатынбелсенді азаматтарды, блогерлердің бәрін көреміз, естиміз. Өз еліне шыныменжаны ашыса, біз оларды бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Өз идеяларын Nur Otanпартиясы аясында жүзеге асыра алады»,– деді Назарбаев. Бұл белсіндіазаматтарды қатарға қосу арқылы, оларды сөйлетпеу. Ондай белсенді азаматтарНазарбаев партиясынсыз-ақ сөздерін жүзеге асыра алады. Оған қазіргі президентТоқаев мүдделі. Өйткені Тоқаев жастарға барлық жағдайды жасайтынын, қоғамменақылдасып отырып, мәселе шешілетінін айтқан.

Кеңестің бұл отырысындағысөздеріне қарасақ, Н. Назарбаев Қазақстан өзінің жасаған жолымен жүру тиісекенін, одан ауытқымауы керек екенін қайта-қайта айтып отырды. 2050 жылғақабылданған бағдарламада Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына кіру керек еді.

«Барлық бағдарлама осығанбайланысты. Индустриялық бағдарлама, ауыл шаруашылығы, үй құрылысы, медицина,ағарту жұмыстары – барлығы бір мүддеге жету үшін жасалып жатыр. Сондықтанбәріміздің ойымыз осы мақсатқа жету болу керек» деген Назарбаев: «халық бізатқарған жұмыстың нәтижесін көріп отыр» деді.Рас айтады. Қазір халықНазарбаев билігінің «жемісін» жеп отыр. Былтыр ғана елімізде 1290 адамірілі-ұсағы бар жемқорлықпен сотталған. Көп балалы аналардың мәселесі әлішешілген жоқ. Қашан шешілері де белгісіз. Назарбаевтың осы сөзі қоғамныңнаразылығын тудырды. Әлеуметтік желілер де көптеген ашуға толы сөздер жазылды.

«Әліге дейін есімде, тәуелсіздік алған алғашқы жылдары аса ауыр болды.Жұмыс жоқ, айлық атымен жоқ, дүкен, дүңгіршектердің сөрелері бос жататын. Сондаел-жұрт «бер, бер» деп отыратын-ды. Үкіметте ақша жоқ болса, қайдан, қалайбереміз? Алайда бүгінгі күні сол 30 жыл бұрынғы ұрандарды қайта көтеріп жүр. «Мағанбер, кішкентай балаларым көп дейді, айлығым аз, тағы бер дейді. Сонда баскезінде нені ойладың? Бұл сенің проблемаң. Сен Үкіметпен оған дейін ақылдасқанжоқсың ғой?»,деген Назарбаев:  «Микрокредит ал да, екі сиыр сатып ал. Өзіңді асыра» деді. Бұл сөз әлеуметтік желіде  қатты талқыланды. Белгілі журналист Қасым АМАНЖОЛҰЛЫ: «Адам қабілеті бірдей емес. Ауылда екіжүз сиыры бар ағайын да, екі сиыры жоқ ағайын да қатар өмір сүріп жатыр.Әлмисақтан солай болған. Күнде ақорда мен көкорданың есігін тырмалап,тіленшілеп жүрген жұрт — сол, кәсіп жасап, мал өсіре алмағасын, барар жер басартауы қалмағасын тентіреген пақырлар. «Біз баймыз, құдаймыз, отыздыққаенгелі тұрған екпінді елміз» дегенге сеніп қалып, өмірге келіп қойғаншиеттей балаларын қайтіп бағарын білмей сансыраған жандар. Мемлекет осындайқиындыққа түскен қауымға қамқор болуымен де мемлекет деп аталады»деп жаздыфейсбук парақшасында.

«Айталық, осы күнге дейін бір миллион оралманды елге шақырып, отанына алыпкелдік. Әлемдегі бірде-бір ел мұны жасаған жоқ. Ал біз Қазақстанға алып келдік,қарекет етіңдер, бала-шағаларың өсіп-өнсін десек, олар “маған беріңдер” дейді.Еңбек етіңдер. Жұмыс істеңдер»,– деді Назарбаев. Еңбек етіп,жұмыс істеуді бәрі біледі ғой. Осы жұмыс істемей, қол қусырып отырған қазақтыкөрген жоқпыз. Бірақ жұмыс жалақысы мардымсыз ғой. Ал жалақы туралы сөз тымұзаққа кетеді. Оны айтпаса да түсінікті. Сонда Назарбаев не айтып отыр? Отызжылғы сөзін әлі қайталамаумен келе жатыр. Сонымен қатар, «Ректорлармен жұмыс істеу керек. Білер болсаң, орнында он жылдап отырғанректорлар бар. Сен (Аймағанбетовке қарата)  соның бәрін сүзіп шық. Қазірғана Қасым-Жомарт Кемелұлымен келістім. Бұдан былай ректорларды президенттағайындамайды. Бұл іс Үкіметке жүктеледі», – деді.Ал ректорларды президент тағайындамайды деген Тоқаевтың жарлығы шығыпқойғалы қашан. Сонда Назарбаев президент Тоқаев солай шешім шығарды деп айтаалмай отыр ғой. Қазақша айтқанда, нәпсісі жібермей отыр. Оған қоймай он жыл бірорында басшылық қызметте отыруды көп деп отырған Назарбаевтың сөзі әлеуметтікжеліде қызу талқыланған цитаталардың бірі болды. Ең бастысы кешегі Nur Otan партиясының отырысындасаяси қақтығыстар болды. «Би екеу, дау төртеу»...

Назарбаев өзі ылғи айтып отыратын Ли КУАН Ю өзініңкітабында: «Менің де, әріптестерімнің де өткенді қайта жазып, көше, ғимараттаратауларын өзгертіп немесе өз суреттерімізді ақшаға, пошта маркаларына салуарқылы тарихта қалсақ деген мысқалдай пиғылымыз болған емес»деп жазады. Соңғы кезде осы сөз жиі есіме түсіпжүр...

Фото: rtvi.com

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз