Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:58, 31 Қаңтар 2024

Назарбаевтың отбасы неліктен Қазақстанда емделмейді? Танымал дәрігер жауап берді

Назарбаев
Фото: из открытых источников

Экс-президент тұсында денсаулық министрі қызметін атқарған Жақсылық Досқалиев Adal Adam YouTube-арнасында экс-президенттің отбасы мүшелері медицинаға араласпағанын айтты, деп жазды zhasalash.kz .

Бұрынғы шенеунік экс-президенттің отбасы отандық емханаларда неге емделмейтініне жауап берді.

"Біздің Конституцияда айтлығандай, әркім өзінің құқығы, қаражаты болса, шетелде емделеді, қаражаты болмаса, елде емделеді. Мәжбүрлеп мында келіп, емдел деп айта алмаймын. Бірақ Президент істері басқармасының медициналық орталығы бар осында. Ол жерде депутаттар, үкімет мүшелері, солардың отбасы, бүкіл мемлекеттік қызметкер емделеді", - деді Досқалиев.

Сонымен қатар, Жақсылық Досқалиев бұрынғы Президенттің отбасы мүшелері медицина саласына араласпағанын айтты.

"Ондайды көрген жоқпын. "Осы жерде былай, осы жерде былай" дегенін көргенім жоқ. Бірақ, айта кететін нәрсе, Алматыда Қазақ-Ресей медициналық университеті бар. Соған жылжымалы диагностикалық кешенді Дариға Назарбаева өзінің қаражатына сатып алып берді", - деді бұрынғы министр.