«Назарбаевтікі болмаса, кімдікі»: Үшқоңыр қарулы күзетпен қорғалуда

Шамалғандағы Үшқоңыр тауы қарулы күзетпен қорғала ма? Бұл ақпаратты желіде мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай растап, Шамалғандағы қоршалған Үшқоңырға кіре алмағанын жазды. Оның айтуынша, 15 мың гектар мемлекет жері қарулы күзетпен қоршалған.
Депутаттың видеосын қоғам белсендісі Сәуле Бикітеева жариялады.
«Шамалған ауылында Үшқоңыр тауы бар. Олар қарулы адамдарды орналастырып, үстіртке баратын жолды жауып тастады. Олар тіпті ешкімді өткізбейді. Адамдар мал жайылымдарына жете алмайды. Қолында мемлекеттік құжаттары бар адамдар өз жерлеріне бара алмай жүр. Ешкімді кіргізбейді. Олар мені де кіргізбеуі мүмкін. Бұны тіпті жеке мемлекет десе де болады», - деді Мақсат Толықбай.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл жерді Кеңес Үкіметі кезінде совхоздарға бөліп берген. Ұзынағаш, Күрт ауданының халқының бәрі малын осында әкеліп жайған.
«15 мың га жер. Соның бәрін игеріп отырған мал бар деп мен ойламаймын. Қоршап алған. Ешкімді жолатпайды. Топшылап отырмын, Назарбаевтар резиденциясы бар. Ары қарай болса да осы жолмен барады», - дейді депутат.
Мақсат Толықбайдың айтуынша, аталған жер мәселесі бойынша мәселені реттеуге жергілікті прокуратура, мемлекеттік органдар «қолымыздан ештеңе келмейді» деп жауап берген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram