Қоғам

Назира Дәрімбет «Әділ сөз» халықаралық қорының президенті болып сайланды

Сөз бостандығын қорғаумен айналысатын «Әділ сөз» халықаралық қорының президенті болып белгілі журналист әрі медиа сарапшы Назира Дәрімбет сайланды.

Назира Дәрімбет

Қордың мәліметінше, Назира Дәрімбет тәуелсіз журналистика саласында көп жылдық тәжірибеге ие. Сонымен қатар ол бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту және сөз бостандығын қорғауға бағытталған халықаралық жобаларды жүзеге асырып келген.

Назира Дәрімбет қордың осы уақытқа дейін қалыптасқан тәжірибесін сақтай отырып, оның жұмысын қазіргі талаптарға сай жаңа деңгейге көтеруді мақсат ететінін айтты.

Айта кетейік, «Әділ сөз» халықаралық қоры 1999 жылы құрылған. Бұған дейін, қордың бұрынғы президенті Карла Жаманқұлова қызметінен кететінін мәлімдеген болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз