Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:53, 02 Ақпан 2024

Неліктен iPhone иелері жер сілкінісі туралы ескерту алмады?

жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

iPhone иелерінің соңғы жер сілкінісі туралы хабарлама алмау себебін Қырғызстан Министрлер кабинетінің бірінші төрағасы түсіндірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Apple компаниясы ЕАЭО елдерін апатты ескерту жүйесіне қоспағаны белгілі болды. Әділбек Қасымалиев Одақ елдерінің жаһандық технологиялық прогрестен артта қалып отырғанына тоқталып, олардың ортақ игілікке жұмыс жасауда мемлекеттер мен үкіметтердің серіктесі болуы үшін Apple, Google және Microsoft сынды технологиялық компаниялармен диалог жүргізу қажеттігін атап өтті.

23 қаңтарда Қытайдың батысында болған жер сілкінісі Қазақстан мен Қырғызстанның бірнеше өңірінде сезілді, одан кейін мыңдаған афтер сілкіністер болды. Android пайдаланушылары автоматты түрде ескерту алды, ал iOS пайдаланушылары алмаған. Тіпті миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған ескерту жүйесі де жұмыс істемеді.