Әлеумет

Непал мен Қытай шекарасында тағы бір қазақстандық жоғалуы мүмкін – СІМ

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында Қазақстанның үшінші азаматы болуы мүмкін.

Непал

 Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Непал мен Қытайдың мемлекеттік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Жоғалған отандастарымызды іздеу жұмыстары жалғасуда.

26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында жойқын сел жүрген. Су, лай мен тау жыныстарынан құралған алапат тасқын Бхотекоши және Тришули өзендерінің аңғарындағы елді мекендерді басып, үйлерді, жолдар мен көпірлерді қиратты. Табиғи апат салдарынан жүздеген адам қаза тауып, тағы жүздеген тұрғын із-түзсіз жоғалған.

Бұған дейін Қазақстан СІМ Непалда жоғалғандар арасында бір қазақстандық әйел бар екенін хабарлаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен туристік топтың құрамында болған.

Кейін тағы бір қазақстандықтың іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Енді СІМ апат аймағында үшінші қазақстандық турист те болуы мүмкін екенін хабарлады.

Тегтер: Непал
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз