Қоғам

Непалда су тасқынанан кейін тоғыз күн жерасты өткелінде қалған екі адам құтқарылды

Непалда су тасқыны мен лай көшкінінен кейін тоғыз күн бойы жерасты өткелінде қалған екі адам аман құтқарылды.

Непал

Тірі қалғандар су басқан «Тришули» су электр станциясының жерасты өткелінен табылған. Kathmandu Post газетінің хабарлауынша, құтқарушылар алдымен бір ер адамды алып шыққан. Ол жерасты өткелдің ішінде әлі де тірі адамдар бар екенін айтқан.

Кейін Reuters агенттігі Непалдың Энергетика министрлігіне сілтеме жасап, сол жерасты өткелінен тағы бір адамның құтқарылғанын хабарлады.

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз