Сараптама

«Нетаньяху елге келсе, қамауға алынады» - Венгрия жаңа премьері

Венгрияда сайлауда жеңіске жеткен «Тиса» партиясының жетекшісі, болашақ премьер-министр Петер Мадьяр Израиль премьері Биньямин Нетаньяху елге келсе, қамауға алынатынын мәлімдеді.

Мадьяр

Оның айтуынша, Халықаралық қылмыстық сот (МУС) шығарған ордер Венгрия аумағында міндетті түрде орындалуы тиіс.

«Егер МУС-қа мүше елге ордер берілген адам кірсе, ол бірден қамауға алынуы керек», - деді Мадьяр.

Еске салсақ, 2024 жылдың қарашасында МУС судьялары Биньямин Нетаньяху мен Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантқа қатысты әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар бойынша қамауға алу ордерін шығарған болатын.

Ал 2025 жылы Израиль бұл шешімге қарсылық білдіріп, МУС-тан прокурор Карим Ханды істен шеттетуді және ордерлерді жоюды сұраған. Израиль Сыртқы істер министрлігі Ханның әрекеттерін саяси астары бар деп бағалаған.

Бұған дейін Стамбұл бас прокуратурасы да Нетаньяхуға қатысты геноцид айыбы бойынша қамауға алу ордерін шығарған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз