Сараптама

Нұр-Сұлтан-Алматы әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Мемлекетбасшысының тапсырмасын орындау аясында әуе тасымалдаушылар ағымдағы жылдың 1мамырынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында ұшуды қайта бастауға дайын.

Нұр-Сұлтан-Алматы әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Бұл туралы бізге  ҚРИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Күніне 4 рейстен болады, оның ішінде 2 рейсті «ЭйрАстана», 1 рейсті «Fly Arystan» және 1 рейсті «SCAT»әуе компаниясы орындайды.

Эйр Астана Embraer 190/108 орын

1. Алматы (06:55) – Нұр-Сұлтан (08:40) (Рейс КС-951)

Нұр-Сұлтан (09:40) – Алматы (11:20) (Рейс КС-952)

2. Алматы (19:45) – Нұр-Сұлтан (21:30) (Рейс КС-855)

Нұр-Сұлтан (22:30) – Алматы (00:10) (Рейс КС-856)

Fly Arystan Airbus 320/180 орын

Нұр-Сұлтан (10:50) – Алматы (12:30) (Рейс KCX-7056)

Алматы (13:00) – Нұр-Сұлтан (14:40) (Рейс KCX-7055)

SCAT (Boeing 737/ 144 орын)

Алматы (09:00) – Нұр-Сұлтан (11:30) (Рейс DV-713)

Нұр-Сұлтан (12:30) – Алматы (15:00) (Рейс DV-714)

Билеттер ендігі сатыла бастады. Әуе компаниялары олардың бағасынрейстер тоқтатылғанға дейінгі деңгейде сақтауға міндеттеме алады. Әрі қарайжағдай жақсарып жатса, рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттырумәселесі қаралады.

Ұшулар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бассанитарлық дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларынсақтай отырып, жүзеге асырылады. Олардың негізгілері мыналар:

— жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі терісболғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі — берілгенкүннен бастап 7 күн);

— жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);

— термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;

— әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негіздезалалсыздандыру.

Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстердебортта тамақ берілмейді.

Аталған бағыттарға ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясынатестті өз қаражаты есебінен ақылы негізде жасататынын айта кету керек. Тестөтуге болатын зертханалардың мекенжайлары мен телефондары:

1. "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтанқаласындағы филиалы: Желтоқсан көшесі 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172)59-00-77.

2. "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Алматы қаласыбойынша филиалы: Жібек Жолы көшесі 3, тел. 8 (7273) 82-35-65, 8 (727)259-00-77.

3. «Олимп» КДЗ Нұр-Сұлтан қаласында: Республикадаңғылы 2/1, Гёте көшесі 3, Б. Момышұлы даңғылы 16, Абылай-хан даңғылы 12/1,Е-10 көшесі 2 үй, Манкент 2 көшесі (мобилді пункт). Тестілеу 8701 961 7008телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp)

4. «Олимп» КДЗ Алматы қаласында: Медеу ауданы –Халиуллин к-сі 32, Сейфуллин к-сі 549, Жандосов к-сі 1В; Алмалы ауданы –Байзақов к-сі 221/155, Гагарин к-сі 236б. Тестілеу 8701 961 7307 телефоныменалдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp)

5. «INVIVO» зертханасы Алматы қ-сы: Қарасай батыр к-сі123, Call-center: 8 727 258 83 83, 8 778 769 38 81

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларыарасындағы рейстер тоқтатылғанға дейін күніне 17 рейс («Эйр Астана» — 9 рейс, «SCAT» — 3 рейс, «Qazaq Air» — 2 рейс, «FlyArystan» — 3 рейс) орындап келді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз