Қоғам

Нұр-Сұлтанда дәмханада жарылыс болып бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды. Оқиға бүгін түс уақытында болған.

Нұр-Сұлтанда дәмханада жарылыс болып бір адам қаза тапты

  Нұр-Сұлтанның Төтенше жағдай департаментінің кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне дәмхананың бірінде газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен. 

"Өрт сөндіру есептоптарының келуі бойынша, үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. Нәтижесінде ас бөлмесіндегі шатыр құлап түскен", — дейді ТЖМ ресми өкілі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы бір қыз үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмған.  

Оқиға орнында Нұр-Сұлтанның ТЖД өкілдері, Апаттар медицинасы орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техника жұмылдырылған. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз