Қоғам

Нұрай Серікбай сотында марқұмның әкесі ашуға булықты

Марқұм Нұрай ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында айыпталушының әкесі Альмахан Макенов куәлік берді. Макенов ұлының суық қаруға құмарлығы болмағанын, үйде де қару коллекциясы жоқ екенін айтты.

Нұрай Серікбай

Сұрақ-жауап кезінде марқұмның әкесі (жәбірленуші тарап) шыдай алмай орнынан тұрып, Альмахан Макеновке тікелей айып тағып, қатты эмоцияға берілді. Ол айыпталушының отбасы өз ұлына көлік алып беріп, оның бұл әрекеттеріне, бұған дейінгі қылықтарына анасы екеуі жағдай жасап, ештеңеден шектемегенін айтып ренішін білдірді. Сондай-ақ Шерханның әкесі Нұрайдың үйге өз еркімен келгенін, күлімсіреп қарағанын алға тартты.

Сот отырысы әлі де жалғасып жатыр. Қос тараптың куәгерлерінен жауап алу жүргізіледі.

Істің барысы мен ондағы жаңа деректер қоғам мен БАҚ өкілдерінің жіті бақылауында.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз