Live

Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймаханның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша Шерхан Аймаханның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Нұрай Серікбай

Бұған дейін сот Шерхан Аймаханды Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп таныған. Атап айтқанда, ол «Некеге тұруға мәжбүрлеу», «Сталкинг» және аса қатыгездікпен адам өлтіру баптары бойынша сотталды.

Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үкім шығарған.

Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа 25 миллион теңге моральдық және 5 миллион теңге материалдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, 2 миллион теңге көлемінде мемлекеттік баж төлеуі тиіс.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз