Қоғам

«Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ жарақаты салынған» – прокурор

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.

Нұрай

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы Мадияр Әбілқасымов айыптау актісін жариялап, айыпталушы Шерхан Аймаханға тағылған айыптардың мән-жайын баяндады.

Прокуратураның нұсқасына сәйкес, күдікті алдымен Нұрайды кездесуге шақырған. Қыздың бас тартқанынан кейін ол оның үйінің маңында күтіп тұрған. Тергеу дерегінше, бойжеткен дүкенге шыққан кезде айыпталушы әуелі оған бес рет пышақ сұғып, кейін қайта оралып тағы 30 рет соққы жасаған. Осылайша, жәбірленушінің денесіне барлығы 35 пышақ жарақаты салынған.

Алдын ала тыңдау барысында судья Саммидин Теміралиев негізгі сот талқылауы 2026 жылғы 28 шілдеде басталатынын мәлімдеді.

Сот отырысында қорғаушылар істі онлайн форматта қарау туралы өтініш білдіргенімен, сот бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз