Өңір

Нұрдәулет Қабасов. Қала

Ауа сызғанжапырақтар, көше тағдырлас тас едендерде сорғалай аққан жауын тамшыларына тәнін малып, табандардың астында талықсып жатыр.

Нұрдәулет Қабасов. Қала

Көшенің былғанған кеудесінесүрініп кеткен бала, қолын қайда сүртінерін білмей анасына жаутаңдай қарайды.Мөлдір  баласына ұзақ қарап ойланып кетті. Ой емес, уайым. Бұның да шешесібар, бұның да жалғыз інісі бар, бұның да өмірі бар, бұның да тағдыры тоғыспағанқиылысы көп жолы, өкініші бар. Бұның да жалғыз алданышы құрсағын жарып шыққанперзенті. Барлық уайымы жиналып қасіретке айналғандай. Кешегі қасірет, бүгінгіқасірет, ертең да сол қасірет. Ары-бері өтіп жатқан адамдар. Бұны кім кінәлайалсын. Бұның аты тіршілік. Лық толы трамвай, тіркес-тіркес таусылмайтынкөліктер. Олардың да табан тірегені тіршілік, басқаны тас төсеніш. Кәрі емендіықтағың келеді жылу жоқ, бәрінде ықтағың келеді бірақ жылусыз. Қала да қасіретшегіп тұрғандай. Ия, осы қалада емес па қасірет шектіруші да, шегуші да. Бәріосы қалада, бір-бірінен жасырынып жүргендер. Бар кеудесімен қараңғылықты жұтыпалған қара мысық та қалтарыста жасырынып жүр. Ол-жабайы емес, тек жасырыныпөмір сүреді. Көздерімен қараудың өзі қасірет. Адамдарға қарақшы көзбен қарапүйренген. Үйренеміз, үйреткен. Шырт-шырт түкіріп, түтіндетіп тұрған Сейіттаүйренген. Сейіт бұл  қаланың барлық күнәсімен сырлас. Ол барлық өзеркіндігіне қол жеткізіп қойған. Сейітте шекара жоқ. Оның бір мәселесі.бесінші қабатқа мініп-түсу.                                           

– Бұл нешу, Сейіт. Анаңды аямайсың ба?! Шық үйден, кет. Оңбаған. Көрші әйелдіңараласуымен аяқталатын айқай көрген  күрсіністің кезектісі ғана. ЕндіСейіттің алдын шегір көзін бір тастап, қара мысық қана кесіп өтеді. Қалғанықара түннің еншісінде.  Бұл үйде не болмаған. Талай-талай қасіреттікеуделер өксігін ішіне жұтқан. Бәрі үйді кінәлағысы келеді. Бар пәле осы бірбөлменің қабырғасында кезіп жүргендей. Күні мен түні белгісіз қала. Түртінектепжүрген адамдар. Кім кесір? Кімді кесір деп кінәлай аласың. Сейітте біреудіңалдында адал. Ол да намыстанады. Оны да ары мазалайды. Адам ғой. Адамдар қайдабара жатыр?! Сейіт қайда кетті анасын жылатып. Апырай тек түнде жоғалатынынесі. – Жамал. Ана орыс әйелді шақырып келші.Давлениемді өлшеп берсін. – Қазір апа ертіп келем. Жатып демалатұрыңыз.  Мақпалдың бар қайғысы баласы. Еркелетіп өсірген кенжесі.Қартайғанда шығарған мүйізі осы уайым. Оң жақ шекесінен оймақтай боп ісіп кележатқан белгісіз былқылдақ бірдеңе.  Ішке түскен қасірет. Қасіреттің ішкетүскен белгісі. Кесіп те, жаншып та кетіре алмайсың. Қай дәрігер жарылқаса дажазылмайды. жалбарынса да жоғалмайды. Маңдайға шыққан қасірет. Көзі ілініпкеткен қасіретті ананың көз алдына ауладағы қара мысық тұра қалған. Енді олтайсалмастан табылдарықтан атап басып, бұл жатқан жерге тышқын аңдығандайсыбырсыз аяңмен аяғын санап, басып сары азуын тілімен сылаң еткізіп маңдайғабіткен қасірет түйірін сұғанақтана жалап жатыр.                           

 ***Кімнің жоғалып, кімнің жалданып жатқанын терезеніңжақтауын түріп кім жорамалдай алсын. Кезбе елестер, тірі елестер, тіршілікететін елестер. Құпия, бәрі құпия болуы керек. Ешкім Сейітті танымауы керек.Таныстық деген Сейітте жоқ.– Сен елессің. Сенің артыңан тек елес көздер ғанаеріп жүреді. Менменсіген кеуделерді елеске айналдырасың. Сейіт сен адамөлтірмейсің, адамдардың жанын құтқарасың. Сен көлеңкеде ғана деміңді жұтасың.–  Давайденги. Не говари слишком миного. – Ааа, денги. Сен бәрін ойланбай көздейсің Сейіт.Сені мен емес жалдаған, ақша. Мына қу бас қағаздар. Енді сен өз-өзіңдіжалдайсың. Понятны. – Не понятны.–  Анаңды.Бұл жолы анаңды көздейсің. Сосын нағыз шын елеске айналасың. Сендей естімейтінмәңкүрттерде жақындық деген болмауы керек. Болмайды да. Мына қу бас қағаздардыңбәрі сенікі. Бүгін өз үйіңе бармайсың, өз үйіңді көздейсің. Мынау паспортың.Сосын елес қаладан жоғаласың. Ничего не го-вари.

****

– Алло…Сейіт.– Я, слышу.– Мен көрші жамал. Сен кеткеннен кейін Мақпал апақайтыс болды. Оянбай қалды. Сенің қараң батсын. Сейіт келме, жылатпа ешкімді.Кет, кезбе көлеңке.  Кетеді. Тек бұл қаладан кетеді. Сейіттің көзалдына әкесінің қан көмген өлімі келді. Қан көмген. Оның көзін да қан жайлаған.Бұның әкесін кім өлтірді, өзі сияқты жалдамалы қан көз өлтірді. Бұл қалада кімкүшті, кімнің шешімі орындалу керек. Ешкімнің шешімі орындалмайды. Сейіттіңтасадағы көзінен қорқатындар көп. Көп-көп. Анау көп қара жамылғылар Сейіттіңоғынан қорғайды. Қорқады… Қашан елеске айналарын ешкім білмейді. Білмегесінқорқады. Өлімнен қорқады. Жаны қымбат. Жоқ, байлығы қымбат. Сол үшін бұларсұраулы. Ал Сейіттер сұраусыз қалады. Қалтасында қазынасы барлардың ғана құныбар. Соны бір-бірінен қориды. Сол үшін Сейіттер тасада демалады. Сол үшін бұлқаланы елестер жайлайды. Бұл тіршілікте мықтылар ғана жеңіп шығады. Адамдардыңпиғылы солай, Өмір солай… Сейіттің де қазынасы бар емес па?! Бұл да қазыналыадамның мұрагері еді ғой. Сейітті мұрасынан айырған кім? Оны Сейіттің өзібіледі. Білгеннен соң бұл қаладын кетеді. Сосын қайта оралады. Тек мына біроқтың тағдырын орындау керек. Бұның көзіне түскен бұл қаланың соңғы тұрғынықара мысық. Болды… Бұның жолын енді қара мысық та кеспейді. ***Мөлдір де сенеді. Өз өміріне сенеді. Ататын таңынасенеді. Күн қалай атса да бізге жарық оралса болды. Мына сансыз өлі тастардыңкөлеңкесінен құтылсақ болды. Ол үшін бір құтылу бар. Ертең шешесінің құлыптасыдайын болады. Оны да қояды. Оған да арасында барып-кетеді. Ертең баласыныңқызығын көреді әлі… Ертең Сейітте өзгерер. Ертең қалада қасіреттен оянар.Ертең бәрі де өзгереді. Кім біліпті сенім дегенің ең ұлы ішкі нұр. Сол нұр ғанақасіреттен құтқарар. – Мама. Қара мысықты қара. Өліп қалған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз