Әлеумет

«Облыс әкімі Маржықпаев заңға бағынбайды»

Елордадағы Ұлттықбаспасөз клубында өткен басқосуда жеке кәсіпкер Айбек ЖҰМАБАЕВ Ақмола облысыныңшенеуніктері заңсыздыққа барып, жұмысын жүргізбей отырғанын мәлімдеді.

«Облыс әкімі Маржықпаев заңға бағынбайды»

«ТКС-Жақсылық» ЖШС басшысы облыстағы Жақсы ауданы, Жақсы ауылыныңмаңындағы 200 гектар жерден марганец элементін өндіру үшін мемлекеттен рұқсаталған. 240 адамды жұмыспен қамтитын кен орыны ісін бастайтын кезде кәсіпкероблыс әкімі мен аудан әкімі заңсыз әрекеттері арқылы тоқтатып тастағанын айтыпотыр. Дегенмен баспасөз мәслихатының басынан өздерін Жақсы ауылыныңтұрғындарымыз деп таныстырған 3 кісі мен аудандық мәслихат хатшысы Бейсейіт ЖАНӘДІЛОВкәсіпкердің сөзін бөліп, шу шығарып, сұрақ қойған журналистермен айқайласыпотырды. Жиын біткен соң ол кісілердің де пікірін тыңдайтынымызды ескерткенненкейін кәсіпкер мән-жайды толық баяндады:

«Мемлекет тарапынан кен өндіруге рұқсат алдық, құжаттарытүгел. Бірақ облыс әкімі Ермек МАРЖЫҚПАЕВ пен аудан әкімі Бауыржан МАЛҒАЖДАРОВжолымызды кесіп отыр. Аудан басшысымен ең алғаш тілдескенде бәрі дұрыс, бірақбұл жақта Батыр УӘЛИЕВ деген кісі бар, алдымен сол адаммен кеңес деді. Меніңкүлкім келеді, әкімдердің айтуы бойынша облыста бүкіл мәселе Батыр Уәлиев аттыбай адамның келісімімен шешілу керек екен. Залда шу шығарып отырған Жақсыауданының мәслихат хатшысы Бейсейіт ағамызға ең басында ескерткенмін, керекдесеңіз аудан мен ауылдың жағдайын жасаймын деп. Бұл кісілерде сол БатырУәлиевтің жағында. «Елге инвесторлар тартып, жұмыс орынын ашыңдар»деген президенттің сөзін шенеуніктердің өзі жасамай жатыр», — дейді кәсіпкер.

Одан бөлек, АйбекЖұмабаев облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Руслан ӘУБӘКІРОВсебепсіз экологияны ластап, тұрғындар денсаулығына зиян келтіресіңдер депкінәлап отырғанын жеткізді: «Мен дәлелдеп беруін сұрадым. Біз зерттеужүргізіп, кен орыны адам денсаулығына зиянсыз екенін дәлелдедік. Карьерде тазамарганец элементі жоқ, құммен аралас. Топырақтағы марганец 14 % ғана құрайды.Біз оны кеннен өндірген соң химиялық қоспалар арқылы сүзіп алатынымызды айттым.Ол түсінбеді. Сотқа шағымданамын десем, бұл мәселені сот емес, мен шешемін депшіренді» дейді азаматЖұмабаев.

Жеке кәсіпкерқұжаттар негізінде Президент әкімшілігі мен Бас прокуратураға, Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хат жолдап, алдағы уақытта әділ шешімшығарына үмітті екенін айтып отыр. Баспасөз мәслихатынан соң залда шу шығарғантұрғындар мен аудандық мәслихат хатшысының пікірін тыңдадық.  

«Ауыл тұрғыны ретінде айтарымыз бар, бізді біреу айтақтапалып келген жоқ. Ауыл карьерден төмен жазықта орналасқан. Оның зиянын тұрғындартартады. Жаңбыр суы ауыл көшесімен төмен ағып өтеді. Оған қоса Қайрақты дегенөзен де жоғары жақта орналасқан. Біз оны бөгеп су ішеміз. Сол Қайрақты Есілгеқұяды. Ал марганецтен түрлі улы заттар бөлініп шығатыны айтпаса да белгілі», — дейді ауыл адамдары.

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз