Олжас Сүлейменов: ...шенеуніктердің өздері масыл
Белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ елдегі көпбалалы аналармәселесі мен соңғы кездері жиілеп кеткен митингілерге қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы «ЖасАЛАШ»хабарлайды.
«Аналар елдіңүміті. Көпбалалы аналарды қолдау керек. Мен көпбалалы аналарды әрқашандақолдаймын. Өйткені, менің анам көпбалалы болды. Өзім сондай отбасынан шықтым.Көпбалалы аналарды масыл деп айтқан шенеуніктердің өзін солай атау керек.Олардың өздері масыл», — деді Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ.
Ақын бұл пікірін Алматыда өткен Семей полигонының жабылғанына 30 жылөткеніне байланысты өткен жиында білдірді. Сондай-ақ, журналистер соңғы кездеріжиілеп кеткен митингілер жайлы да сұрады.
«Мен бұл туралыаса хабарым жоқ. Дегенмен, бұндай жағдай бізде ғана емес Ресейде де өзгеелдерде де жүріп жатыр. Ал бұл тек заң жүзінде қаралуы керек. Біз бұл істерменбұрын айналысып қойдық. Өзім митингілерде аз болған жоқпын. Мен өзім қысымның незаңды не заңсыз екенін айыра алатын едім», — деді ақын.
Алматыдағы «Атакентте» Олжас Сүлейменов атындағы аллея ашылды.
Фото автордікі.