Әлеумет

Оңтүстік Африкада екі жаппай атыстан 27 адам қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасында бірнеше сағат аралығында болған екі жаппай атыс салдарынан 27 адам қаза тауып, тағы 26 адам жараланды.

Оңтүстік Африка

Алғашқы шабуыл Йоханнесбург маңындағы Ведела елді мекенінде болған. Полиция мәліметінше, сегіз қарулы адам барға кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 15 адам жараланған.

Шамамен төрт сағаттан кейін Кейптаун маңындағы Лвандле елді мекенінде тағы бір атыс болды. Мұнда 10 адам көз жұмып, 11 адам жарақат алды.

Полиция екі оқиғаның өзара байланысы бар-жоғын анықтап жатыр. Шабуылдардың себептері әзірге белгісіз. Күдіктілерді іздеу жұмыстары жалғасуда.

Оңтүстік Африка билігі екі оқиға бойынша да тергеу бастаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз