«Оқыту теориясы» мұғалімдерге не береді?
ҚазақстанРеспубликасының білім беруді дамытудың 2016-19 жылдарға арналған мемлекеттікбағдарламасына сәйкес, білім беру жүйесі өзінің өзгеріс шекарасын үнемікеңейтуде, ғылымның сапалы жаңа жетістіктерін талдап-тексеруден өткізеді жәнетаратады, жас ұрпақтың ұлт мұраты – «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарынтүсініп зерделеуін ұйымдастырады.
Болашақ педагог-мамандарды даярлайтын жоғарыпедагогикалық білім беру жүйесі оған өмірге қажетті ресурс жинауға мүмкіндікберуі қажет. Осы орайда, қарастырылып отырған ресурс ерекше маңызды: кез келгенеңбек іс-әрекетінде қажет болатын және оның кәсіби-тұлғалық құзыреттілігінсипаттайтын шешуші фактор – оның тұлғалық маңызды қасиеттері. Осы тұрғыданжоғары оқу орны қабырғасында дидактикалық біліктілікті қалыптастыру оныңбәсекеге қабілеттілігінің, қазіргі қоғамның құрылымына сәтті енуінің, яғнибелсенді кәсіби әлеуметтенуінің кілті болуы шарт.
Еліміздегісаяси-әлеуметтік жағдай білім беру үдерісіне жаңа талаптар қоюда. ҚазақстанРеспубликасының білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегіжаңашыл бастамалармен үндесіп жатыр. Білім беру мемлекеттің интеллектуалдықжәне рухани ресурстарының қайнар көзі ретінде адами капиталдың сапасынарттыруда басты рөл атқаруы тиіс. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтікжетістіктері, ең алдымен, оның білім беру жүйесімен, азаматтарының білімдеңгейімен анықталады.
Осы орайда,«Рухани жаңғыру» концепциясы аясында әлемдік үздік университеттерде қолданылыпжүрген 100 кітаптың шет тілдерден аударылып, қазақ тілінде жарық көругедайындалу үдерісі басталып та кеткені бәрімізге аян.
Сол «жүздің» бірі – ДейлШунктың авторлығымен түп негізінде екі рет жарықкөрген, әлемнің жетекші елдерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында соңғыжылдары оқулық сапасында қолданылып жүрген«Оқыту теориясы»атты кітап – қазақстандық педагог мамандардыдаярлауда аса қажетті еңбек. Оқулық бакалавриаттағы «Педагогика» атты базалық пәндіоқытуда негізге алынатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, оқу жоспарлары мен негізгі оқу бағдарламалары тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Бұл еңбек оқытутуралы негізгі теориялық принциптерге, концептілерге және ғылыми-зерттеунәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынады. Оқулықта жаңа тұғырларды заманауи мектептер жағдайында қалайша қолдануқажеттігіне баса назар аударылған. Кіріспеде оқытутеориясы, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихинегіздері жайлы айтылса, одан соңғы тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы,әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректердікодтау және сақтау, конструктивизм және т.б. теориялар талқыланады. Сондай-ақеңбекте оқу мотивациясы, өзіндік оқу және контекстік әсерлердің маңызын ашатынтақырыптар қамтылған. Сонымен бірге студенттердің оқу процесі барысында өзбеттерімен орындауы тиіс тапсырмалар үлгілерінің берілуі де оқулықтың маңызынарттыра түседі.
Оқулық пәнаралықбайланыстарды жүзеге асыра отырып, ғылым философиясы, психология, физиология,нейроғылымның әлеуетін оқыту теориясынжүзеге асыру үдерісіне көшіру үлгілерін негіздеген. Оқулықта аталмыш ғылымсалалары ғалымдарының еңбектері жүйеліталданып, зерттеу логикасын жетілдіруге пайдалану қисыны ұсынылған. Автор оқыту мен білім беруді өнерменбайланыстыра қарастырған. Оқытуға берілген анықтамада оны ішкі менталдыққұбылыс деп бейнелеген. Мұнда сананың ақпаратты жасайтыны, жинақтайтыны,кодтауы, жаңғыртуы жөнінде тың деректеркелтірілген.
Оқулықтың тұжырымдамасын анықтауда автор оқыту теориясымен философияның арақатынасына тоқталған. Философиядағы эпистемология,эмпиризм, рационализм сияқты бағыттардың оқыту үдерісіндегі әлеуетін білім берудің философиясы тұрғысынанзерделеген. Әсіресе оқытудың психологиялық негіздері – физиологиялықпсихология, вербалды оқыту теориясы, структурализм, функционализмнің ерекшеліктері сипатталған. Оқулықтыңшетелдердегі жаңаша зерттеу парадигмаларымен таныстыруы да қазақстандық оқырмандарүшін құнды жағы деп есептейміз.
Оқулықтың теориялық және практикалық маңыздылығы дидактика дамуының әлемдік деңгейінкөрсетуімен сипатталады. Оқулықта пәнаралық байланыстар негізіндегіпедагогикадағы жаңа – психодидактика, социодидактика, нейродидактика сияқты бағыттар анық байқалады. Осығанорай, енді дайындалатын педагогика оқулықтарының дидактика бөлімдерінің мазмұнынжаңарту міндеті туындайды. Оқулық жазудың жаңа тәжірибесі қалыптасуы да заңды құбылыс.
Оқулықтың ұтымды тұстарына – адам физиологиясының ғылымитұжырымдарына негізделген ми бөліктері қызметтерініңсипатталуын; білім берудегі мидың екі сыңарының мүмкіндігін пайдалану мен мидызерттеу тәсілдерінің ашып көрсетілуін; адам жады туралы, нейрондық байланыстармен тіл меңгерудегі жаңа ақпараттардың терең қарастырылуын; рефлекс теориясынпрактикада пайдаланудың тиімді жолдары көрсетілуін; оқытудағы модельдеу әдісініңталданып, оның әлеуетін пайдалану жолдары саралануын; метатанымға ерекше көңілбөлініп, оның білім берудегі мүмкіндіктерініңсаралануын; алғаш рет дидактикада концептілердің талданып жүйеленуін; күрделітанымдық үдеріс – метатаным, концепті үйрену, проблеманы шешу, сыни ойлау,пайымдау мен шығармашылықтың бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылуын жәнет.б. жатқызуға болады.
Оқулықта білім алушыларға қажет логикалық-құрылымдықсызбалар, кестелер, әдебиеттер, білімтексеруге арналған сұрақтар, өзіндік жұмыстыңтапсырмалары ұсынылады.
Оқыту теориясы мәселелерінің оқулықта дидактиканыңфилософиясы мен әдіснамасы деңгейінде қарастырылуыеңбектің құндылығын арттырады. Сондықтан бүгінгі таңда осындай оқулықтарды жоғарыбілім беру жүйесінде білім алушылардың дидактикалық құзыреттіліктерінің құрылымынқайта пайымдау арқылы пайдалануға ұсыну қажет.
Біздің ойымызша, бұл оқулық мақсаты, құрылымы, мазмұны,оқу материалдарының берілу логикасы жағынан аударуға дұрыс таңдалып алынғанеңбек. Аударма тілі ғылыми жатық стильмен берілген,оқулықта дидактикадағы теориялар психологиялық тұжырымдамалармен тығызбайланыста қамтылған, зерттеу материалдары жүйелі келтірілген.
Оқулықты дидактика мәселелерін зерттеуші ғалымдарға,инновациялық мектеп мұғалімдеріне, оқулық авторларына, жоғары курсстуденттеріне, магистранттар мен докторанттарға ұсынуға болады.
Айгүлім Айтбаева,п. ғ. к., профессор,Ұлттық аударма бюросының редакторы
Фото: infourok.ru