Әлеумет

Орал Московская көшесімен қоштасады

Бүгін Орал қаласында орталық көшелердің атын өзгертубойынша көпшілік тыңдауы өтті.

Орал Московская көшесімен қоштасады

Оған қала тұрғындары және жергілікті шенеуніктерқатысты.

Гагарин атындағы кинотеатрда өткен жиында кейбіркөшелердің қазақшаға аударыла салатыны да белгілі болды. Мәселен Березева АқҚайың болса, Алматинская Алматы көшесі болып өзгереді. Оралда бас-аяғы 200-гежуық көше аты жаңарады. Айтпақшы, Московская Лев ГУМИЛЕВ, Петровская көшесіГерольд БЕЛЬГЕР атымен аталатын болады.

«Алмазова көшесінің атынХиуаз ДОСПАНОВА деп ауыстырамыз деп жоспарлап отырмыз. Хиуаз Доспанова екіншідүниежүзілік соғыстың батыры. Сондай-ақ, ол маңда Мәншүк МӘМЕТОВА мен ӘлияМОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ көшелері бар», — деді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініңөкілі Роза ЗАЙНУЛЛИНА.

Ертең Орал қаласындағыДеркөл ауылына қарасты көшелердің атауларын өзгерту бойынша көпшілік тыңдауыөтеді.

Фото: mangystaumedia.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз