Өңір

Өркениет зардабы мал целлофан жеп, арам қатуда

Малын жайылымғашығарған ақтөбелік шаруалар жыларман күйде жүр. Аузы көкке тиген мал шөппенбірге полиэтилен пакеттер жеп қырылып жатыр.

Өркениет зардабы  мал целлофан жеп, арам қатуда

Себебі жайылымдық жер қоқысалаңына айналып кеткен. Шаруалар қолындағы малы үшін алаңдап, құзырлы орындарданкөмек сұрай бастады. Себебі даланың жағдайы адам шошырлық. Желмен ұшқан қоқысжүрсең аяғыңа оралып, басыңды көтерсең бетіңе тиеді. Осы қоқыстың арасына малынжаюға мәжбүр болғандар төрт түліктерін қалай аман алып қаларын білмей жүр.Өлім-жітімнің алды тіркеліп үлгерді.

  Осығанбайланысты пікір білдірген шаруа қожалығының иесі Руслан Шүйіншалин: «Жайылымғашығарған малымыздың өлімі кісі күлерлік. Целлофан жеп өліп жатыр. Дала қоқыс алаңына айналып кеткен. Тәртіп жоқ,оны қадағалап жатқан ешкім көрінбейді. Осылайша қаңбақ секілді қаңғыған полиэтиленпакеттер малдың денсаулығына зиян келтіріп жатыр. Сыртта жүрген бұзау да, сиырда соны жейді. Соңғы бір айдың ішінде үш бұзауым арам өлді. Сараптама жасағандабәрінің де ішінен целлофан шықты. Оны жегізбеу үшін әр сиыр, әр бұзауға бірбақташыдан қоя алмайсың. Бұл тек менің басымдағы жағдай емес, мал бағып отырғанбасқа шаруалар  да осы қоқыстың зардабынтартып отыр», – дейді.

  Міне, Ақтөбеқаласының іргесіндегі Маржанбұлақ ауылындағы жағдай осындай. Тұрғындар қыста,көктемде шығарған қоқысын ауыл айналасына төге берген. Тұрмыстық қалдық та,көне жиһаз, киім-кешек – бәрі шашылып жатыр.

  Біз осығанбайланысты мән-жайды сұрап, облыстық ветеринар мамандарға хабарластық. Олар жағдайданхабардар. «Бұл мәселені әлеуметтік желі арқылы көрдік. Аудандық ветеринармамандардан мән-жай сұралып отыр. Біздегі мәлімет бойынша тек бір мал өлімітіркелген. Мамандар малдың  ішінтазартқанымен, бірнеше күннен кейін өлді. Сол себепті әркім өз малына өзіқарап, полигон айналасына жаймағаны дұрыс. Басқа ауылдардағы жағдай тұрақты», –дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев.

     Десекте, бұлайша қол қусырып отыраберуге болмайды. Шаруаларға қоқыс шашылған даладан басқа, мал жаяр жер жоқ. Алауыл әкімі мәселе желіде шу болғаннан кейін ғана шашылған қоқысты тазалаужұмысын бастапты. «Бұл жер совхоз, колхоз кезінде күзетілмейтін  полигон орны болған. Шыны керек, ауыл бір-екіжылдықта өсіп, халық саны өсті.  Бұрынауылдағы үй саны 200-ден асса, қазір 800-дің үстіне шықты. Жергілікті жұртқоқысын  ортасындағы полигонға емес, солмаңға тастай салады. Жылда шашылған қоқысты қар еріген бойдан тазартып алатынедік. Биыл тұрмыстық қалдықтардың көптігі сондай – үлгермей жатырмыз. Қазірауданнан бес техника келіп, тазалау жұмыстарын бастап кетті. Қолмен де тазалапжатырмыз», – дейді Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі Жомарт Шабаров.

     Өкінішкеқарай, бұл тазалық жұмыстары уақытша болары анық. Өйткені тұрғындар бүгінгіқателігін ертең ұмытып кетуі де әбден мүмкін. Соның зардабын өзгелер тартыпжатыр.

     Иә, кейде біз«жеріміздің асты да, үсті де – алтын» деп, күпінгенде бөркіміз аспанға ұшады.Алайда осы байлығымыз жабайы тірліктің құрбаны болып жатыр. Күні  қолындағы азын-аулақ малға қараған  қазақтың төрт түлігін жайылымға шығара алмай отыруы өкініш емес пе? Бұл текАқтөбеде болып жатқан  жағдай емес.Еліміз бойынша жер-жерде үйіліп жатқан қоқыста есеп жоқ. Осыған қарап өзіміздіңмәдениетіміз бен жауапкершілігіміздің төмендігін байқай аламыз.

АрданСЕРДАЛЫ

Ақтөбе

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз