Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:35, 11 Сәуір 2025

Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі тағы бірнеше трассада іске қосылды

1
Фото: Ашық дереккөз

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ республикалық маңызы бар жеті жол бөлігінде орташа жылдамдықты анықтайтын камера қосылғанын хабарлады. 

Орташа жылдамдықты өлшеу және оны асырғандарға айыппұл салу былтыр 4 желтоқсанда басталған. Орташа жылдамдықты жол бөлігіндегі камералар тіркеп, жалпы қашықтықты машина жүріп өткен уақытқа бөледі. Айыппұл мөлшері жылдамдықты қаншалықты асырғанына байланысты 5-40 АЕК арасында болады.

Орташа жылдамдық өлшеу іске қосылған жаңа 7 жол: 

Астана — Щучинск (шектеу 140 км/сағ);

Астана — Павлодар (шектеу 140 км/сағ);

Шымкент — Қызылорда (шектеу 110 км/сағ);

Шымкент — Тараз (шектеу 110 км/сағ);

Павлодар — Семей — Қалбатау (шектеу 100–110 км/сағ);

Орал — Ресей шекарасы (Саратов) (шектеу 100 км/сағ);

Павлодар — Ресей шекарасы (Омбы) (шектеу 100–110 км/сағ).

Осылайша, елде жүргізушілердің ортша жылдамдығы есептелетін трассалар саны 20-ға жетті. Былтыр 13 жолда осындай жүйе іске қосылған. Олар:

Астана — Щучинск,

Жібек Жолы — Теміртау,

Астана — Павлодар,

Шымкент — Қызылорда,

Шымкент — Өзбекстан шекарасы,

Шымкент — Тараз,

Тараз — Қайнар,

Қонаев — Талдықорган,

Павлодар — Семей — Қалбатау,

Орал — Ресей шекарасы (Саратов бағыты),

Павлодар — Ресей шекарасы (Омск бағыты),

Бейнеу — Ақжігіт,

Орал — Ресей шекарасы (Самара бағыты).

Тегтер: