Әлеумет

Өскеменде 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Өскеменде11 сыныптың оқушысы өзін-өзі өлтірмек болды. Облыс орталығындағы мектептердіңбірінде оқитын оқушы қыз Ертіс көпірінен секіріп кетпекші болған.

Өскеменде 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Аталғанжайтқа байланысты қалалық полиция басқармасына хабар бірінші жеткен. 

Шақыруқоңырауы шалынған сәттен жедел қимылдаған ішкі істер органының қызметкерлерімен төтенше жағдайлар басқармасының мамандары оқиға орнына бірден жеткен. Бірақөз өмірін қиғысы келген қызбен тіл табысу алғашында мүмкін болмаған. Жартысағаттай уақыт келіссөз жүргізуге тырысқан тәртіп сақшылары 16 жастағы оқушыныаман алып қалды.

Өскемен қалалық полиция басқармасы: 

"Қазір бұл жағдай жан-жақты тексеріліп жатыр.Оқушы қызбен психолог мамандар сөйлесіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп, тексеруамалдары басталды. Қылмыстық Кодекстің 105 бабы 3 бөлімі бойынша іс қозғалды", деп, ақпарат таратты.

Фото: sputniknews.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз