Әлеумет

Өскемендік аналар: «Семей-Өскемен трассасын жабуға әзірміз»

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВөңірдегі бірқатар кәсіп бастайтын көпбалалыаналарды қабылдап, мерекелік күндерімен құттықтап, сый-сыяпатын таратыпжатқанда өскемендік бір топ аналар күтпеген жерден шу көтерді.

Өскемендік аналар: «Семей-Өскемен трассасын жабуға әзірміз»

Осыдан бірер апта бұрын, Өскеменқаласының әкімі Жақсылық ОМАРДЫҢ саясаткер Жанболат МАМАЙҒА қарсы қалай айдапсалғаны туралы әлеуметтік желіде ойын «ойып салған» Жұлдыз АҚТАНЖАНОВА өңірбасшысының қабылдауына шақырылмағандығын айтады. Ол үшін өскемендік ана өкпеліде емес. Қайта керісінше, бір топ аналар жиылып, Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінебарып, өз талаптарын қойып, егер орындалмаса, «Семей-Өскемен» трассасын жабуғақамданып отырғанын жасырған жоқ.

«Желтоқсанның 20-ыкүні Өскемен қалалық ТҮКШ бөліміне жиырма шақты адам жиылып барып, төрт тараптамәселе қойдық. Біз осы бөлімнің басшысы Фархат ЖИЛІБАЕВ пен тұрғын үйдіүйлестіру бойынша маман Аян БАЙДОЛДИНМЕН кездескенде, мәселелермізбентаныстырдық.  Біріншісі – облыстыБердібек САПАРБАЕВ басқарып тұрған кезде Өскемен шетінен «Нұрлы көш»бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасы сын көтермейтін жағдайғажеткендіктен, оны арендалық сипатынан айыру. Яғни, онда тұратын отбасылар бұданары қарай жалға алғаны үшшін ақы төлемеуі тиіс. «Нұрлы көш» деп айғайлатыпат қойып салған баспаналардың бүгінде қабырғасы қисайып, іргетасы жерге кіріпкеткенін айттық. Қолданысқа 2011 жылы берілгенімен, тұрғындармен келісімшартбір жылдан кейін жасалғаны да таңқалдырады. Шала біткен осы шаруаның соңыаналардың наласына түрткі болған жайы бар. Сондықтан, осында тұрып жатқанотбасылардың барлығын да қалының басқа аумағына көшіріп, үймен қамтамасыз етудішешу керек деп ойлаймын. Бұл баспаналардың техникалық қауіпсіздігі о бастаболмағаны да құрылыстың қалай болса, солай жүргізілгенін айғақтап тұр. Екіншімәселе- осы баспаналардың о баста жылуммен қамтамасыз етілуі де дұрысқамдалмаған. Бөлме аралықтары гипсекартонмен бөлінген үйлердің қабырғасы жұқа.Оны тоқпен жылытылатын еткенінің өзі қате қадам болғанын бүгін бәрі де біліпотыр. Қазір бәрі пеш салып, от жағып отыр. Қабырғаның жұқалығы оттың қызуынкөтермейтіні белгілі. Ал, сырта -35- 40 градус аяз қысқанда шықпа  жаным шықпалап отыруға тура келеді. Бір емес,бақандай алты-жеті жыл осылай отыруға шыдаған отбасылар бұдан ары қарай қаншажыл төзуі керек?! Мұндағы үйлердің өрт қауіпсіздігі қалай болатынына ешкімніңбас ауыртқысы келмейді. Ал, тоқпен жылытамыздеп «Шығысэнерготрейд» мекемесініңалдында қаншама шығынға батқан отбасылардың кейбірінің есеп-шоты әлі күнгедейін бұғаттаулы. Осыны ескере келіп үшінші талапты қойып отырмыз. «Нұрлы көш»бағдарламасымен салынған үйлерді Тұрғын үй қорының балансынан шығару керек.Мұндағы отбасылар қоныс аударған жағдайда босаған үйлер ертең басқа отбасыларғаберілмеуі тиіс»,- дейді «Ақжүніс» аналар қоғамының белсендісі ЖұлдызАқтанжанова.

Ол сондай-ақ соңғы төртінші талап осы салынған үйлердіңкезінде пайдалануға рұқсат берген құжаттар мен оған қол қойған басшылардытауып, жазаға тарту қажет екендігін айтып отыр. Яғни, осы тұрғыда комиссияқұрып, оның құрамына құқыққорғау органдарының өкілдері, ТҮКШ мамандары, осыбаспаналар салынған 28 ықшамаудан тұрғындарынан төрт-бес адам енуі қажет. Ж.Ақтанжанованың айтуынша, Өскемен қалалық ТҮКШ басшысы Фархат Патрисұлы алдағыбес күн ішінде қойылған талаптарды ескеретін комиссия құруға уәде берген екен.

«Егер бұлайтқан жайларымыз ескерілмей, түрлі сылтаулармен сырғи беретін болса, онда«Өскемен-Семей» трассасын жабуға әзірміз»,-дейді Жұлдыз Ақтанжанова.

Фотоны авторұсынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз