Әлеумет

Өткен жылы экономика өскенімен, қазақстандықтардың нақты табысы төмендеген

Halyk Finance мәліметінше, бұған негізгі себеп — инфляцияның күшеюі. Бағаның өсуі халықтың сатып алу қабілетін әлсіреткен.

азық-түлік

2025 жылы Қазақстан халқының нақты ақшалай табысы өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға азайды. Бұл ретте елдің ЖІӨ-і 6,5%-ға өскеніне қарамастан, халықтың қаржылық жағдайы жақсармаған.

Сондай-ақ үй шаруашылықтарының нақты шығындары да 1,1%-ға қысқарды. Тұтыну құрылымында өзгеріс байқалады: азық-түлікке жұмсалатын шығын үлесі 50,6%-дан 52%-ға дейін артқан, ал азық-түлік емес тауарларға кететін шығын азайған.

Халық табысының негізгі бөлігін еңбек кірістері құрайды — 74,9%. Алайда 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында нақты жалақы 1,4%-ға төмендеген.

Тегтер: табыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз