Өткен жылы туризмге 57 млрд теңге жеке инвестиция құйылған
Қазақстанда туристік нысандар санын арттыру үшін инвесторлар тарту жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Туризм комитетінің мәліметінше, өткен жылы 117 жаңа нысан салынып, 57 млрд теңге жеке инвестиция құйылды.
Биылдан бастап 430 млрд теңгеге 283 жоба жоспарланған.
Сонымен қатар, инвестициялық жағдайды жақсарту үшін инфрақұрылымдық жобаларды және инвесторларға жеңілдетілген қаржыландыру көздерін ұлғайту қарастырылған, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, туристік инфрақұрылымды дамыту үшін арнайы бюджеттік бағдарлама ашу және 3, 4, 5 жұлдызды қонақ үйлерді салу үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін қарастыру көзделген.