Өз жерін Қытайға қосқысы келетіндер кімдер?
Қытайдыңбірнеше веб-сайтында Қазақстанның егемендігіне күмән келтіретін,саяси-дипломатиялық қарым-қатынасымызға сызат түсіретін мақала жарияланды.
Ұятсыздықпен арсыздыққа, екіжүзділік пен аярлыққа толы мақаланың көздегені – жаулық,аңсағаны – арамдық демеке шарамыз жоқ.
Оқырманғатүсінікті болуы үшін, мақаланы ықшамдап, қазақшаға аударып бергенді жөн көрдік.
«Қазақстан Қытайға қайта қосылуды не үшін зарығааңсайды?»
«Орта Азиядағыішкі құрлықтық мемлекеттер ішінде Қазақстан сөз жоқ, ең үлкені. Ол ҚытайдыңШыңжанымен шекараласады, Өзбекстан және Түркіменстанмен шекараласады, алИранмен теңіз арқылы шектеседі. Қазақстан ең үлкен құрлықтық мемлекет есебінде2 млн 220 мың шаршы шақырым территориясы бар, тұтасымен Еуразияны алып жатыр.Қазақтың мәдениеті – ислам мәдениеті, түркі мәдениеті сияқты көп мәдениеттердіңсіңіскен қосындысы. Қазақстан дегеніміз ежелгі түркілердің империясы. Қазақстантарихта Қытайға тәуелді территорияның бір бөлігі. Қытай тарихта Қазақстанға тымкөп мәрте шабуыл жасаған. Бірақ бұл мәселе бойынша қазақстандықтардың тым көпөкпесі жоқ.
Цинь патшалығы кезінде Қазақстан Цинь патшалығына тәуелдімемлекетке айналды. Ол кезде Қазақстан үш хандық мемлекетке бөлінді, оның екеуіЦинь ордасына вассалдық тәуелділікте болды. Қазақстан ежелден Қытаймен тымтерең байланыста. Ендеше, біз: «Қытай қалайша біртіндеп-біртіндеп Қазақстандыөзіне бағындырды және біртіндеп-біртіндеп айырылып қалды», деген мәселенісараптайықшы.
Шамамен, 15 ғасырда Алтын Орда хандығы кезінде Өзбекхандығы деген бір мемлекет болды. Оның аумағы үлкен еді. Ішкі қайшылықтарғабайланысты екі мемлекеттің халқы қашты, қашып, бұл мемлекеттен ажырады жәнеөздері тың ұлт болып қалыптасты. Бұлар «қазақтар» деп аталды. Кейін, қазақтыңтерриториясы да Алтын Ордадан бөлініп шықты, одан қашып шыққан халық тың нәсілболып қалыптасып, тың бір мемлекетті құрды. 16 ғасырда бұл мемлекет үшкішкентай хандыққа бөлшектенді. Олардың барлығы «жүздер» деп аталды. 17 ғасырдаОрта Азияда өте қуатты билік қалыпқа келді. Бұл көшпенділер құрған билік Жоңғархандығы еді. Кейін, Ұлы жүз бен Кіші жүз Ресейге бағынды да, Орта жүз Жоңғархандығына бағынышты болды. 1757 жылы Жоңғар хандығын Цинь империясы жойыпжіберді. Одан соң, Ұлы жүз, Орта жүз, тіпті, Кіші жүзге дейін Цинь империясынабағынышты елге айналды. Жоңғарлар Цинь империясымен ұзақ уақыттық соғысташығынға ұшырап, оның үстіне, оба індеті тарап, біртіндеп, Балқаш көлі маңынанжоғалып кетті. Ал қазақтар болса, Цинь династиясының қол астына енді. Осытарихқа байланысты Қазақстанның «ғұламалары» қалай еске алатынын қарапкөрейікші. 16 ғасырдың басында түркі халқының ұрпағы көшпенді ұлттар сол жердешатырларын тіге бастады және бір мемлекет болып қалыптасты. Бұл мемлекетқытайлар тарапынан бірнеше мәрте жойылып кете жаздаған. Бірақ бақытына орай,жойылмаған (қазақстандықтардың айтуы бойынша). Қытайлар өзінің ішкі соғысынабайланысты әскерлерін кері алып шықты. Оның үстіне, географиялық орналасуы тымшалғай болғандықтан, Қазақстан Қытай тарапынан «жұтып» алынған жоқ. Тарихқа көзсалсақ, қытайлар Еділ өзеніне қарай жорыққа бір-екі рет қана аттанған жоқ.Қытайдың қуаты шарықтап тұрған Таң империясы кезінде түркілер екіге бөлінді,оның әрқайсысын қытайлар қалпақпен ұрып алды. Шығыс Түркістанды Таң империясы«ап» деп аузын ашып, жұтып алды. Таң империясы әскерінің ықпалы Жетісу өңірінедейін жетті. Жетісу өңірі дегеніміз қай жер? Ол түркілердің тамыр тартқан жері.Көп ұзамай, Таң империясының ішкі жағында бүлік туып, ол өзінің басқаруындағытерриторияны игеруге шамасы жетпей, Жетісу өңірінен шегініп шықты. Олардыңбасқарған мерзімі де ұзақ емес. 19 ғасырда Қытайдың армиясы Тянь-Шань тауынатағы да жетті. Қазақтар жұтылып кетуге аз қалды. Моңғолдардың келуі Қытайармиясын жеңіліске ұшыратты. Қытай армиясы тағы да шегінуге мәжбүр болды. Аленді қазақтар қалайша біртіндеп-біртіндеп, Қытайдан тәуелсіздік алды?
19 ғасырдағы «апиын соғысынан» кейін Цинь империясының еңқуатты күштері қурап, шіріп бітті және апиын Цинь империясының түбіне жетті.Өзін-өзі қорғаймын деп шекараны жауып алып, Цинь империясы жойылды. Ресей осыорайды пайдаланып, Цинь империясының территориясын жаулап алды. Содан барып,Қазақстан Ресейге тәуелді болды. Әр жолғы әділетсіз келісімдерден кейін көптегентерриториядан осылай айырылдық. Қытайдың жоғалтқаны тек, Қазақстан ғана емесқой.
Бүгінде қазақстандықтар: «біздің қанымызда қытайдың қаныбар», деп айтады. Әрине, тарихи зерттеулерде қазақстандықтардың еуропалықтарментегі бір екені анықталса да, бірақ олар «біздің қанымызда қытайдың қаны бар»,деп айтады. Олардың арасында кейбір адамдар Қытайдағы соғыстан қашып барғанеді. Шыңғысхан қуып жіберген ханзулар Қазақстан территориясына келіп, осыхалыққа сіңісті. Әрине, бұл қазақстандықтардың өзінің ойы ғой…
Қазір біздің көз алдымызда Қытайдың Қазақстанға жасағанкөмегі үлкен, салған инвестициясы 23 млрд доллардан асады. Болат-темір қорытусаласында, тіпті, одан да үлкен мемлекеттік макроқұрылымдарда Қазақстанға өтеүлкен көмек жасап жатырмыз, зор көлемде инвестиция салып жатырмыз.
Бұдан бөлек, Қазақстанның кішкентай бір қалашығындақазақстандықтар өздерін Ли Байдың тұқымымыз деп атайды (Ли Бо –701-762 жж өмірсүрген Қытайдың көрнекті ақыны — автор). Тіпті, кейбір адамдар өздерін«ханзудың тұқымымыз» деп айтады. Олар «соғыс кезінде қашып келіп, жергіліктіадамдармен сіңісіп кеттік», дейді. Олар Қытайға қосылғысы келеді немесе Қытайғақайтқысы келеді. Олар өздерінің территориясымен, өздерінің жерімен Қытайғақосылғысы келеді»,–деп жазылған.
Автортарихи деректерді ұятсыздықпен бұрмалай отырып, имперлік қомағайлықпен Қазақстантерриториясына көз алартудан тартынбайды. Бәлкім, біздің биліктің тамырын басыпкөру үшін, барлау мақсатында жазылған мақала шығар.
Мақаладағы«өз жерімен, өз территориясымен Қытайға қосылғысы келетіндердің» кімдер екенінайтпаса да ішіміз сезіп отыр. Бірақ Қазақстанда өмір сүріп отырған ешбірдиаспораның өзімен бірге атажұртынан ұлтарақтай жерді көтеріп келмегені анық.Яғни, «жеріммен бөтен елге қосыламын», деуге ешкімнің де тарихи-моральдыққұқығы жоқ. Тарихи Отанына қайтамын деген азаматқа тосқауыл бола алмайтынымызда рас. Өйткені, Қазақстан Республикасы Конституциясы, халықаралық адамқұқықтары жөніндегі құжаттарда бұл әрекеттер құқықтық күшке ие. Осы құқықтыбасшылыққа ала отырып, әрбір азаматтың емін-еркін көшіп-қонуына түсіністікпенқараймыз.
Біздіңкөңілімізді елеңдеткен тағы бір мәселе – Ли Бай туралы үзінді. Өйткені, Қытайәдебиетінің көрнекті өкілі Ли Бай қазақ аудиториясы үшін соңғы кезге дейін беймәлімтұлға еді. Екі мыңыншы жылдары «ойбай, не дейсің, Ли Бай қазақ екен, Шуқаласында туыпты», – деген әңгімелер мен мақалалар, қайдан шыққаны белгісіз бір«тарихи» деректер мүйізі қарағайдай «Қазақ әдебиеті» газетінде бірнеше дүркінжарық көрді, Тіпті, қызды-қыздымен Ли Байды Дулат тайпасының өкілі етіпжібергендер де бар еді.
Бұл ақынтуралы Шыңжан университетінің қытай әдебиеті факультетін тәмамдаған, бүгінде тарихғылымдарының кандидаты, қытайтанушы Әлімғазы Дәулетхан басқаша пікірде. Оныңайтуынша, Ли Байды «қазақ қылуға» бар ынта-жігерін сарп еткен Еуразияуниверситетінің кафедра меңгерушісі Дүкен Мәсімхан көрінеді.
ӘлімғазыДәулетханның айтуынша, Дүкен Мәсімхан бұл идеясын жүзеге асыру үшін ӨмірбекБайгелді, Нұрлан Оразалин сияқты сол кездегі ықпалды тұлғалардың дуалы аузына «ЛиБай қазақ» деген сөзді салыпты. Сөйтіп, қазақ тілінде бір шумақ өлең жазбағанЛи Бай аяқ астынан қазақ, оның ішінде, Дулат тайпасының өкілі болып шығакелген. Арабша бір ауыз өлең жазбаған Пушкинді «араб ақыны» дегендей болыпшыққан.
Ендімына мақалада жазылған «өздерінің қанында ханзу қаны бар, өздерін Ли Байдыңтұқымымыз деп атайды», – дегендердің қайдан шыққанын ұға беріңіз! ТұтастайДулат секілді қабырғалы тайпаны бір-ақ ауыз сөзбен ханзу ұлтының өкілі етіпшығара салған. Бұдан өткен сұрқиялық, бұдан өткен екіжүзділік бола қоймас,сірә!
Қытыққаши жүгірткен бұл мақаланы Қытайдың мемлекеттік Sohu сайты қарадан-қарап, басасалмағаны анық. Басылым туралы ресми ақпараттарға зер салып, салмақтапкөрейікші. Басылымның беделін, медиарейтингін өлшейтін Alexa компаниясыныңақпаратына сенсек, Sohu көрілім және оқылым бойынша әлемде жетінші орында екен.Бұл дегеніңіз – басылым әлемдегі ең беделді ондыққа енеді деген сөз. Нью-ЙорктағыNasdaq қор биржасында Sohu 1,9 млрд долларға бағаланған. Басылым Қытайкоммунистік партиясының белбаласы екені айдан анық. Яғни, бұл басылымдаанау-мынау бос әңгіме емес, Қытай коммунистік партиясы мақұлдаған, арнайыбағыттаған материалдар жарияланады деген сөз. Ендеше, Қытай коммунистеріҚазақстанға келгенде, бір саусағын ішке бүгіп жүр ме? Бұл ойлантатын сұрақ.
Ерлан Сайыров, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі,саясаттанушы:
«Қытайдыңресми сайттары осылай жазып жатса, бұл мәселеге Сыртқы істер министрлігі дереуназар аударуы керек. Түсінеміз, Қытаймен арадағы экономикалық байланысымыз,достық қарым-қатынасымыз сақталуы керек. Бірақ мынандай нәрсеге көз жұма салуғаболмайды. Экономика – экономикамен. Ал біздің тәуелсіздігіміз, мемлекетіміздің қауіпсіздігіең бірінші орында тұруы шарт. Мына жағдайды реттеу үшін дипломатиялықтетіктерді іске қосу керек. Қажет болған жағдайда, Қытайдың Қазақстандағыелшісін сыртқы істер министрі шақырып алып, түсіндіру жұмыстарын талап етсін немесетікелей, Қытай Сыртқы істер министрлігінен осы мәселе бойынша түсіндіруді талапетуі керек».
Арман Шораев, қоғам белсендісі:
«Меніңше,Қытай сайттарындағы мұндай нәрселерге қатты мән берудің қажеті жоқ. Өйткені,Қытай ешқандай мемлекетті соғыспен, күшпен басып ала қоймайды. Оларсауда-саттықпен, экономикалық экспансиямен басып алуы мүмкін. Қазірдің өзіндебіз Қытайға 11-12 млрд доллар қарызбыз. Экономикамызға салған Қытайдыңинвестициясы 23 млрд доллардан асады. Біз осы қарыз алу мәселесінде Қытайдансақ болуымыз керек. Мүмкіндігінше, қарызды тезірек қайтаруға тырысқанымыз жөн. Тәжірибеденкөріп отырғанымыздай, Қытайға қарызын қайтара алмаған мемлекеттер жерінен, мемлекеттікактивтерден, немесе кен орындарынан айырылып жатыр. Біз мұндай жағдайғажеткізбеуіміз керек. Одан соң, әртүрлі даңғазасы көп жобалар үшін Қытайдан қарызалуды, инвестиция тартуды тоқтату керек.
Ал мынамақала бойынша, Сыртқы істер министрлігі Қытайдың дипломатиялық ведомствосынантүсініктеме талап етуі тиіс».
Серікжан Біләшұлы, Тіркелмеген «Нағыз Атажұрт» ұйымының жетекшісі:
«Қытайбилігіне тіке қарасты Sohu сайты мен Sina сайтының бұл жазбалары үшбумедиалардың қазақты бірінші рет қорлауы емес. 2010 жылы ҚХР жазушылар одағымүшесі, Қытай социализм институтының орынбасар ректоры Ху Хұңбау (Hu Hongbao)дегеннің қазақты қорлаған жазбасы жарияланған болатын. «Қазақтар қытайлардыерекше жақсы көреді, үйіне қытайды түнетуге құмар келеді, түнде қытайдыңқойынына бойжеткен қызын немесе әйелін салып береді», – деп жазады Ху.
Бізбұған қатаң наразылық таныттық. Баспасөзде көтердік. Өкініштісі, билік үнсізқалды. Ақыры, Бейжіңге барып, Қытай социализм институтының басшылығыменкездестік. Одан соң, Sohu, Sina, Wangyi сайттары Худың блогын өшірді, Ху ресмикешірім сұрады. Іс бітті. Сотқа беріп едік, сот істі қабылдамай қойды. Еңсорақысы, біздің Сыртқы істер министрлігіміз үнсіз қалды.
Екіншіқорлығы, Осы Sohu сайты мен Sina сайты жуырда ғана «Коронавирусты Қазақстан менАмериканың бірлесіп құрған Алматыдағы биологиялық зертханасы жасаған», – деп жазды. Билік әлі үнсіз. Бұл жала – сұмдықнән жала ғой. Тұтас адамзатқа апат болып отырған тәжвирусты «Қазақстан жасапшығыпты» деу – тұтас адамзатты қазаққа қарсы қою ғой. Билік үнсіз. Үшіншіжаласы – «Қазақстан Қытайдың құшағына қайтадан оралуды зарыға аңсайды» – дейді.«Қазақстанды Қытайға қашан қосып аламыз», – деп ашық жазады. «Қазақстан ежелдіңежелінен Қытай жері», – дейді. Бұл – төзіп тұруға болмайтын қорлық».
Тоқтар Жақаш
P.S.
Қытайсайтындағы қазақ қоғамын қорлаған мақала жайында Сыртқы істер министрлігі,Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжа Сяо газетімізге жауапбереді деп күтеміз.