Қоғам

Өзбекстанда көп әйел алу мәселесі қызу талқыланып жатыр

Кейінгі күндері көп әйел алу мәселесі әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде қызу талқыланып жатыр.

Өзбекстанда көп әйел алу мәселесі қызу талқыланып жатыр

Бұған әділет кеңесшісі, блогер Шахноза Соатованың жарнама нарығында көп әйел алуды насихаттау күшейгені туралы жазбасы себеп болды.

«Зайырла ел ретінде біз моногамияны әлеуметтік тәртіп деп қабылдап, көп әйел алуды қылмыс деп бекіттік. Бірақ барлығы, әсіресе жауапты тұлғалар қазір медиада болып жатқан ашық насихат туралы жұмған аузын ашпай отыр. Қай арнаны қоссаң да көп әйел алу туралы сериал көрсетіп жатады. Instagram мен Youtube осы тақырыпқа толлы» деп жазды Шахноза Соатова фейсбуктегі парағына.

Centralasian.org хабарлағандай, автор мұндай көріністі «Конституцияда айқындалған жүйеге қарсы насихат» деп сипаттады.

Көп әйел алуды шектеу туралы үндеу әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде қызу пікір-талас туғызды. Діни топ мұны дін еркіндігіне тыйым деп қабылдады.

Желі қолдаушылардың бірі көп әйел алу өзбек қоғамында баяғыдан барын, өлім жазасын белгілесе де ол ешқайда жоғалып кетпейтінін жазған. Заңгер Дилшодбек Ташпулатовтың пікірінше, «көп әйел алушылық зайырлы мемлекет ұстанымдарына қайшы келмейді».

Алайда белсенділер мұндай тұжырыммен келіспей, зайырлы ел қағидаларына қайшы келетін насихатқа жауапкершілікті күшейтуді талап етіп отыр.

Журналист Инобат Ахатованың айтуынша, қоғам талқылауынан соң Өзбекстан телеарналарына тоқал тақырыбын көтеруге, оны сериалдарда насихаттауға тыйым салынған.

Өзбекстан қылмыстық кодексінің 126-бабында екі немесе одан көп әйел алғандарға айыппұл салынатыны, үш жылға дейін еркіндігі шектелетіні немесе үш жылға сотталатыны жазылған.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз