Әлеумет

Парадокс: Құтқарушыларды көмек сұраған ел құтқарып жүр (видео)

Бүгін Жас Алаш сайтына Көктемгі су тасқыны: Халық үйінде малмен бірге тұрып жатыр мақаламыз жарияланған еді. Сарысу мен Манақа өзендері арнасынан тасып, халқының өміріне қауіп төндірген Атасу станциясына Қарағанды облысының құтқарушылары жетіпті.

Парадокс: Құтқарушыларды көмек сұраған ел құтқарып жүр (видео)
Бірақ та құтқарушылардың қайықтарының моторы істемей өздері су ортасында қалып қойған.Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылдык округіне қарайтын станция тұрғындары Жас Алаш тілшісіне саман үйлері су көтерілсе құлауы ықтимал екенін айтқан еді. Енді whatsapp.com желісі арқылы өздеріне келген көмекті видеоға түсіріп жіберіп отыр.Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ басқаратын төтеншеліктердің дайын болуын облыс басшысы Ерлан ҚОШАНОВ өзі тікелей бақылауға алуы тиіс еді. Олай дейтініміз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2019 жылдың 22 наурызында Үкімет пен облыс әкімдеріне көктемгі су тасқындарына дайын болуды тапсырған еді. Бәлкім Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасына үйренген жергілікті шенеуніктер жаңа президенттің сөзіне жүрдім-бардым қарады ма екен.www.youtube.com/watch?v=lRMzdn3hZdw&feature=youtu.be
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз