Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:47, 30 Қазан 2024

Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекет уәде еткен пәтер мен ақша әлі берілмеген

в
Фото: gov.kz
Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан уәде етілген сыйлық әлі берілмеген. Бұл туралы Париж паралимпиада ойындарының чемпионы, парадзюдошы Ақмарал Науатбек тележүргізуші Динара Сәтжанның Late Night Show жобасында айтты.

Ақмарал Науатбектің сөзінше, оған алтын медаль иеленгені үшін туған жері Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімдігі 5 млн теңге көлемінде сыйақы берген. Одан кейін параспортшыға Астана қаласының әкімдігі 3 бөлмелі пәтер сыйлайтынын айтқан. Алайда, пәтердің кілті әлі берілмеген.

«Пәтердің кілті әлі берілген жоқ. Қандай тұрғын үй кешенінен берілетіні де белгісіз. Осы жылы беріледі деп үміттенемін», - деді Ақмарал Науатбек.

Одан бөлек, спортшыға мемлекет тарапынан 250 мың доллар берілетіні айтылған, алайда спортшы бұл қаржыны да алмағанын айтты.

«Жақын арада аламыз деп ойлаймын. Олимпиада мен паралимпиада жүлдегерлеріне бұл сыйақы бір уақытта берілетін сияқты», - деді Ақмарал Науатбек.