Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 02 Қыркүйек 2024

Паралимпия ойындарындағы төртінші жарыс күнінің нәтижелері жарияланды

в
Фото: gov.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігі жазғы Паралимпия ойындарының 1 қыркүйек, төртінші жарыс күнінің нәтижелерін жариялады.

Ведомства ақпаратынша, төртінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен бақ сынаған.

Пара нысана көздеу: 10 метрге пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден (R3: екі шынтаққа тірекпен отырып ату) сынға түскен Еркін Ғаббасов 624.3 ұпай жинап, 35-орынға тұрақтады.

Пара жүзу: Рио Паралимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина 150 метрге жүзуде 10-орынға тұрақтап, финалға шыға алмады.

Пара үстел теннисі: Париж-2024 Паралимпиадасында пара үстел теннисінен 1/16 финалында Әли Мақұлбеков бельгиялық Марк Ледомен кездесіп, 1:3 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша Әли Париж-2024 Паралимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, Паралимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.