Париж - 2024: Төртінші жарыс күнінің нәтижелері қандай?
Қазақстандық спортшылардың Париж Олимпиадасындағы төртінші жарыс күнінің нәтижелері жарияланды.
30 шілде күнгі жарыс қорытындысы бойынша:
Стенд атудан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Мария Дмитриенко 73 ұпаймен 4-орын алды.
Боксшы Нұрбек Оралбай (80 кг) 1/8 айналымда Каллум Питерсті (Аустралия) жеңді. Өте тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3-2 есебімен жеңісті қазақ былғары қолғап шеберіне берді.
Боксшымыз Сәкен Бибосынов (51 кг) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты. Есеп: 5-0.
Әділбек Мусин 100 метрге еркін әдіспен жүзуде мәреге 8-ші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 49.92 секунд.
Дзюдодан 81 кг салмақтағы Абылайхан Жұбаназар мен әйелдер арасында 63 кг салмақта белдескен Эсмигүл Куюлова бірінші айналымда жеңіліп қалды.
Садақ атудан команда көшбасшысы Илфат Абдуллин Париж Олимпиадасының жекелей сынынан шығып қалды.
Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.