Әлеумет

Парсы шығанағына АҚШ-тың үшінші эсминеці кірді

АҚШ-тың USS Rafael Peralta атты үшінші зымыранды эсминеці «Project Freedom» («Бостандық жобасы») миссиясы аясында Ормуз бұғазынан өтіп, Парсы шығанағына кірді.

Эсминец

Бұл туралы CBS News америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.

Қазір USS Rafael Peralta, USS Truxtun және USS Mason эсминецтері бұғаздың батыс бөлігінде орналасып, алдағы бұйрықты күтіп тұр. АҚШ әскери күштері бұл кемелердің Парсы шығанағынан шығуға тырысқан коммерциялық кемелерді қорғауға арналған көпдеңгейлі қорғаныс жүйесінің бір бөлігі екенін мәлімдеді. Жүйеге әскери кемелер, авиация және әуе қорғаныс құралдары кіреді.

Ормуз
Фото: Amr Alfiky/REUTERS

Ормуз бұғазындағы шабуыл

4 мамыр күні USS Truxtun мен USS Mason эсминецтері Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқанда ирандық күштердің шабуылына ұшыраған. United States Central Command (CENTCOM) мәліметінше, шабуыл кезінде зымырандар, дрондар және жылдам жүретін катерлер қолданылған.

АҚШ әскери күштері эсминецтердің қорғаныс жүйелері мен әуе қолдауы барлық қауіптің бетін қайтарғанын айтты. Хабарламаға қарағанда, кемелерге ешбір оқ-дәрі тимеген. Сонымен қатар екі ирандық катер жойылған.

Француз кемесіне ракета тиді

5 мамыр кешінде Біріккен Араб Әмірліктері жағалауына жақын жерде, Дубай маңында француз компаниясына тиесілі CGM San Antonio коммерциялық кемесіне ракета тиген.

АҚШ шенеуніктерінің мәліметінше, кеме құрлықтан ұшырылған қанатты зымыранмен атқыланған болуы мүмкін. Соның салдарынан филиппиндік экипаж мүшелерінің бірнешеуі жараланған.

United Kingdom Maritime Trade Operations (UKMTO) ұйымы да «белгісіз снаряд жүк кемесіне тигені» туралы ақпарат алғанын растады.

Бұған дейін АҚШ президенті Трамп жағдайдың ушығуына байланысты «Project Freedom» операциясын уақытша тоқтатқанын мәлімдеген еді. Ақ үй бұл шешімді Иранмен түпкілікті келісім жасау мүмкіндігін бағалау қажеттілігімен түсіндірді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз