Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:46, 13 Наурыз 2024

Павлодар облысында 65 ауылды су басу қаупі бар

су
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Павлодар облысында 65 елдімекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Мамандардың айтуынша, биыл жауын-шашын мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 56 пайыз көп жауған. Ал, қардағы су қоры нормадан 69% - ға жоғары және былтырғымен салыстырғанда 99% - ға жоғары.

Жалпы, қар түсуінің деректерін ескере отырып, белсенді қар еру кезеңінде Ақтоғай, Успен, Ертіс, Железин, Павлодар және Тереңкөл аудандары су басу қаупіне ұшырауы мүмкін. Ағымдағы жылы "Қазгидромет" болжамына сәйкес 65 елді мекен ерекше бақылауға алынды, яғни 43 елді мекенге тағы 22 елді мекен қосылды, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 20 наурызға қарай қар тез ери бастайды деген болжам айтылды. Қазір, құтқарушылар қызу дайындыққа кіріскен.

Облыстық ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, күн күрт жылынса барлық күш құтқару іс-шараларына жұмылдырылады. Ол халықты эвакуациялайтын 43 арнайы пункт ашылатынын атап өтті.

36 мың дана көлемінде қапшықтары бар 141 мың тонна инертті материал, 129 тонна жанар-жағармай көлемінде қор құрды. Тамақтануға 85, жарылыс жұмыстарына 7 ниет-шартын жасасты. Қыс мезгілінің басынан бастап облыстың елдімекендерінен 890 мың текше метрден астам қар шығарылды. Он бесінші наурызға дейін 1 506 су өткізу құбырын ашу жоспарлануда, - деді облыстық ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев.

Фото: Павлодар облыстық ТЖД