Қоғам

Павлодар облысында екі балықшы Ертіс өзеніне батып кетті

Павлодар облысында екі балықшы Ертіс өзеніне батып кетті

Павлодар

Қайғылы оқиға 8 қарашада Тереңкөл ауданы Қызылтаң ауылының маңында болған.

«Ертіс өзенінің негізгі арнасында екі балықшы суға батып кетті, олардың біреуінің денесін жергілікті тұрғындар алып шықты. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 сүңгуірі, стационарлық эхолоты бар катер мен қайық тартылған. Құтқарушыларға әкімдік, орман шаруашылығының өкілдері және жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр.

«Бүгінгі таңда қалыңдығы адамның салмағына көтермейтін жұқа мұз қалыптасқан су учаскелері бар. Осыған байланысты құтқарушылар балықшылардан мұндай су учаскелеріне барудан бас тартуды сұрайды», - делінген хабарламада.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз