Live

Петропавл тас жолындағы алапат жол апатынан сегіз адам ауруханаға түсті

14 шілдеде Петропавл – Көкшетау тас жолында, Астраханка ауылы маңында ірі жол апаты болды.

жол апаты

Mazda жеңіл көлігі мен Toyota Estima шағын автобусы бетпе-бет соғысқан. Соққының қатты болғаны сонша, көліктердің бірі жарамсыз күйге түсіп, қозғалтқышы жұлынып, жол жиегіне бірнеше метрге ұшып кеткен. Көлік бөлшектері мен жолаушылардың жеке заттары ондаған метр аумаққа шашылып қалған.

Оқиға салдарынан Mazda жүргізушісі мен Toyota Estima көлігіндегі жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді. Ауыр апатқа қарамастан, алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар жоқ.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір жол апатының барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз