Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:19, 05 Сәуір 2024

Полиция Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекетіне қатысты іс қозғаудан бас тартты

а
Фото: из открытых источников

Полиция экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға, сондай-ақ Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Роговаға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. 

Бұл туралы «ТПК Азия» ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Бимурзин хабарлады, деп жазады КазТАГ.

Ол Алматы қаласы Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің Назарбаеваға және басқа да тұлғаларға қатысты арыз номенклатуралық іс ретінде есептен шығарылғаны көрсетілген хаттың көшірмесін жариялады.

«Бұл қылмыстық істі қараудан бас тарту туралы жауап, біз қазірдің өзінде ол бойынша шағым түсірдік және оны тергеу сотына жібереміз», - деді Бимурзин.

Айта кетейік, Бимурзин 28 ақпанда серіктесі Қалиев екеуі Назарбаева мен Рогованың рейдерлік шабуылының құрбаны болғанын хабарлаған болатын.

«2003 жылы (Назарбаева – ҚазТАГ) өз ықпалын пайдалана отырып, құны 170 миллион долларды құрайтын (2003 жылғы есеп бойынша) жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю станциясынан тұратын жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды басып алды. Рейд үшін ол бұрынғы иелерін түрмеге қамап, дене жарақатын саламын деп қорқытты. Оның қоқан-лоққылары сенімді болу үшін, ол күндіз Алматының орталығындағы кәсіп иелерінің бірінің әкесін ашықтан-ашық ұрлап кеткен және куәгерлердің айтуынша, ұрлауға құқық қорғау қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін», - деп мәлімдеген кәсіпкерлер.

Наурыздың 14-і күні Бас прокуратура Назарбаеваның рейдерлік әрекеті туралы арызын тіркегенін хабарлады.

Фото: fergana.agency