Портреті 31 млн теңге тұратын әкім тергеуге алынды
Павлодар облысыныңәкімі тергеуге алынды. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылдың 15 қаңтарындаПавлодар облысының әкімі Болат БАҚАУОВҚА қатысты лауазымын асыра пайдалануфактісі бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-бабының, 4-бөлімі, 3-тармағы бойыншатіркелген қылмыстық іске сәйкес, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Қазіргіуақытта тергеу амалдары жалғасуда», — делінген жарияланған мәлімдемеде.
15-ші қаңтар күні «WhatsApp»желісінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қамауға алынғандығы жөніндеақпарат тараған. Кейіннен облыс әкімінің баспасөз қызметі әкімдік штаттыжағдайда жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеген.
Желтоқсан айындаәлеуметтік желілерде дәл осы Болат Бақауов портреті аукционда 28 миллионтеңгеге сатылғандығы бейнеленген видео тараған. Кейіннен осы шараны жүргізгенКВН жұлдызы Ярослав Мелехин портреттің 31 миллион теңгеге сатылғандығынрастаған.
Коллаж: Жас Алаш.