Әлеумет

Президент Жолдауының алғашқы нәтижелері талқыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқынаЖолдауының алғашқы нәтижелері баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Жолдауының алғашқы нәтижелері талқыланды

«Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы менөркендеуінің негізі» атты Президент Жолдауын іске асыру мәселелері туралығылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

«Саяси тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік және ел азаматтарыалдындағы биліктің жауапкершілігін арттыру Мемлекет басшысы саясатының негізгібағыттары болып саналады. Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауапберетін билік пен қоғамның тұрақты диалогын құру негізінде жатыр», — деді ҚРПрезиденті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаевғылыми-практикалық конференцияның ашылуында.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан ДәленовПрезидент Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруда үлкен жұмыстаратқарылғанын жеткізді. Атап айтқанда, экономикалық қорытындылар, кәсіпкерліктіқолдау, өңірлерді дамыту, азаматтардың қатысуын кеңейту, бюджеттің фискалдықтұрақтылығы саласында ілгерілеушілік бар. Сондай-ақ, биыл Мемлекет басшысыныңЖолдауында айтылған тапсырмаларда көрініс тапқан 5 жылға арналған жаңамемлекеттік бағдарламалар әзірленді.

«Биыл Қазақстан экономикасы жқсы нәтижелер көрсетіп отыр.Бізде экономиканың өсуі бар. ЖІӨ өсімі маусым айында 2,9%-дан 4,1%-ға дейінжылдамдады, ал 10 айдың қорытындысы бойынша өсім 4,4%-ды құрады. Экономикалықбелсенділіктің артуы көбінесе шикізаттық емес сектор өндірісі көлемініңұлғаюымен негізделеді. Оның ЖІӨ өсуіндегі үлесі 4,4%-дан 3,8 проценттіктармақты құрады. Екі таңбалы өсім жеңіл өнеркәсіпте (+18,9%) жәнефармацевтикада (+15,2%), сондай-ақ машина жасауда (+18,8%) байқалады», — дедіминистр.

Жалпы өндірістік белсенділік еңбек нарығының көрсеткіштерінеоң әсер етті. Биылғы қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ті құрады. Халықтыңнақты табысы өсуде.

«2019 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша өсім 6,4%-ды құрады.Инфляция биылғы қарашада айында 5,4%-ті құрады. Жалпы тауар айналымы 70,4 млрдтеңгені құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сауда теңгерімі $15миллиардтан асты. Экспорт көлемі $42,7 миллиардты, ал импорт $27,6 миллиардтықұрады», — деді Руслан Дәленов.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз