Әлеумет

Прокуратура: «ҮМЗ салықты әдейі азайтқан»

ШҚО табиғат қорғау прокуратурасы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның 2013-2017жылдар аралығындағы өндірістің қауіпті қалдықтарына қатысты көрсеткіштерінетексеру жүргізген.

Прокуратура: «ҮМЗ салықты әдейі азайтқан»

Нәтижесінде қоршаған ортаға төлейтін эмиссияны төмендетутүріндегі салық заңнамасын бұзу фактісі анықталып отыр. Бұл туралы «Жас алаш» тілшісі ШҚО прокуратурасының ақпаратына сүйене отырып, хабарлайды.

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысындакөрсетілгеніндей зауытта кәріптасты деңгейдегі қалдықтардың 14 түрі жәнетехногенді минералды қалдықтың екі түрі шығарылады. Экологиялық кодекске сәйкескәсіпорын санитарлы-эпидемиологиялық талаптарды орындауға, қалдықтарды жоюға,жалпы қоршаған ортаны ластамау шараларын қатаң сақтауға міндетті.

Алайда, 2016 жылы ҮМЗ-ға қарасты «Хвостовое хозяйство» АҚ учаскеде 7 мыңнан астамқауіпті қалдықтарды орналастырған. Бірақ, «Қоршаған ортаға төленетін эмиссия»декларациясында төлемді 13 мың тоннадан жоғары көрсеткен. Есесіне, аталғанөндіріс орыны салықтық есепте оларды қайтаданбөлгенде пайда болатын металлургиялық шлактар деп көрсеткендіктен, осындайайырмашылық туындағаны анықталды.

«Осыған ұқсас жағдай 2015 жылдың екінші жартыжылдығындаорын алған. Ол кезде айырмашылық 5,8 тонна болса, 2017 жылы 4,9 тоннанықұраған. Осылайша, зауыт бюджетке төленетін салық көлемін әдейі азайтқан», депхабарлайды ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.   

Талдау нәтижелері бойынша прокуратура мемлекеттік кірісбасқармасымен бірлесе жүргізген салықтық тексерістен кейін кәсіпорынға негізгіқарызы және өсімпұлы туралы хабарланған. Бірақ, кәсіпорын онымен келіспей,сотқа өтініш бергенімен, онысынан ештеңе шыққан жоқ.

Облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалықсоты және апелляциялы сот алқасы оны қанағаттандырусыз қалдырыпты. Прокурорлыққадағалау шараларының пәрменімен мемлекет кірісіне акционерлік қоғамнан 397 млн.теңге салық өтеліп алынғаны мәлім болды.

Фото: yandex.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз