Қоғам

Астанаға Владимир Путин ресми сапармен келеді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Астанаға ресми іс-сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Путин

«2023 жылдың 9 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді», - делінген хабарламада.

Екі ел басшыларының келіссөздерін өткізу жоспарланып отырғаны, оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланатыны нақтыланды.

«Сонымен қатар, президенттер бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастығы форумының жұмысына қатысады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Путин бұған дейін Мәскеуде кездесті - кездесу 7 қазанда өтті. Бұған дейін Ресей телеарнасы Путиннің Қазақстанға келетінін хабарлаған болатын.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз