Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:30, 09 Ақпан 2024

Путин америкалық журналистке берген сұхбатында не айтты?

Путин
Фото: из открытых источников

Сұхбат 2 сағаттан астам уақытқа созылған және ағылшын тілінде шыққан. Сұхбатта Ресей Федерациясының басшысы әскери операциялар, Украинамен бейбіт келісімдер, Реесйдің АҚШ-пен қарым-қатынасы және өзге елдермен қарым-қатынасы жайлы айтты. 

Біз келісімге келеміз: Путин халықтардың бірігуі туралы айтты

Әңгіме сұхбаттың басты тақырыбы болған Украинадан басталды. Сұхбатта Ресей Федерациясының басшысы Украинадағы жағдайды келіссөздер арқылы шешуге қол жеткізгісі келетінін айтты. Ерте ме, кеш пе Мәскеу мен Киев келісімге келіп, бауырлас халықтар арасындағы қарым-қатынас қалпына келеді. Ол "халықтардың бірігетініне" сенімді.

"Ерте ме, кеш пе, біз бәрібір келісімге келеміз. Ал сіздер не білесіздер? Бүгінгі жағдайда бұл тіпті оғаш көрінуі мүмкін: халықтар арасындағы қарым-қатынас бәрібір қалпына келеді. Бұл көп уақытты қажет етеді", - деді ол.

2 сағатқа созылған сұхбатта не айтылды? 

– Батыс Ресейді стратегиялық негізде жеңу мүмкін еместігін түсіне бастады. Ары қарай не боларын ойлансын, біз диалогқа дайынбыз.

– Украинадағы төңкерісті 2014 жылы оппозицияны қолдаған ЦРУ іске асырды.

– «Солтүстік ағын» құбырындағы жарылысты АҚШ-тың арнайы қызметтері іске асырды.

– Ресей 2014 жылы Қырымды алуға мәжбүр болды. Олай болмағанда нағыз қырғын болар еді.

– Украинада жалдамалы жендеттер өріп жүр. Ең көбі Польшадан, одан кейін АҚШ пен Грузия тұр. Айтпақшы, “Украина” деген атауды поляктар ойлап тапқан.

– Украина соғысты бастады, ал біз аяқтауға тырысып жатырмыз. 

– Ресей ешқашан келіссөзден бас тартқан емес. Украина декретін алып тастасын, сөйтіп келіссөзге келсін.

– Ресейді майдан даласында жеңу мүмкін емес. Біз гипердыбысты қару жасаудан АҚШ-тың өзін артқа тастадық, - деді Путин сұхбат барысында.