Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:57, 28 Наурыз 2024

Путин туралы айтқан Диас Құзайыр 15 тәулікке қамалды

ы
Фото:

"Путин құйло" деген сөзі үшін блогер Диас Құзайырды 15 тәулікке қамалды. Сот қаулысында аталған тіркес "балағат сөз" ретінде қарастырылған. Ал блогер қазақша тіркестің былапыт сөз емес екенін айтып, тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді. 

Sud.kz мәліметінше, Павлодар тұрғыны, белсенді Диас Құзайыровқа "Ұсақ бұзақылық" (434-бап, 2-бөлік) бабы бойынша айып тағылған. Онда блогер 25 наурызда сағат 14 шамасында Павлодарда "тікелей эфирге шығып, былапыт сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны" жазылған.

"Менен "неге солай айттың" деп сұрады. Мен "қазақ тілінде құю, құйло" деген сөз заңды бұзатын сөз емес, әдеби тіркес" деп айттым", дейді сот арасында видео түсірген блогер.

 

Жергілікті БАҚ Диас Құзайырды тіл сақшысы жобасын ұйымдастырушысы ретінде атайды. Жоба мүшелері сатушылар мен шенеуніктерді камераға түсіріп, мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етеді. 2023 жылы қазанда Құзайырға "ұлттық алауыздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оған блогердің шенеуніктерден қазақ тілінде сөйлеуді талап етуі себеп болған, деп жазады Азаттық.

2022 жылы қазанда Құзайыр Қазақстанға келген ресейліктерге "Қырым кімдікі?" деп сұрақ қойғаны үшін бес тәулікке қамалған.

Тегтер: