Саясат

Қайрат Сатыбалды ұсталды

Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды, — деп хабарлайды еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Қайрат Сатыбалды ұсталды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет „Қазақтелеком“ АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген Антикор хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын атап өтті.

«Тергеу жүріп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — деді ведомство өкілдері.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз