Саясат

Құрылтайға жаңа депутат келді

Орталық сайлау комиссиясы Гүлнар Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде тіркеді.

Гүлнар Тойлыбаева

Ол бұған дейін депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Татьяна Савельеваның орнына келді.

20 қазанда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа депутатқа куәлік пен төсбелгі табыстады.

Бұған дейін "Әділет" партиясы бос депутаттық мандатты партиялық тізімге енген Гүлнар Тойлыбаеваға беру туралы шешім қабылдаған.

Нұрлан Әбдіров заңнамаға сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен басталатынын атап өтті.

Гүлнар Тойлыбаева туралы не белгілі?

Гүлнар Тойлыбаева бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Құрылтай депутаты болғанға дейін Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Еске салайық, Татьяна Савельева Құрылтай депутаты ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан еді. Кейін ол Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз