Өңір

Қайырбек СӘДУАҚАС. Тұма

ТҰМАхикаятӨмір кез келген жазушының қиялынан әлдеқайда бай.Тұмандағы тасқынЖаз. Кешқұрым.

Қайырбек СӘДУАҚАС. Тұма
Жатақханадағы яядай ғана бөлме. Төрдегі ұзынша қабырға бойында жайылма диван. Жоғарырақ үлкейтілген үш фото ілулі. Бірінде қартаң тартқан ерлі-зайыптылар. Бөлек түекен суреттерден құралған болуы керек, иықтары біріне-бірі өтіңкіреп кеткен. Оған қатар ілінген фотода көздеріне мұң ұялаған мосқал әйел, кезіндегі сулулықтың табы айқын аңғарылды. Олардан төменірек ілулі тұрған кейінірек шығарылған әсем фотода сүп-сүйкімді мұрынын еркелей тыржитыңқырап мәз болын тұрған шаштары бұйралана жалбыраған екі-үш жасар қыз бала. Бүкіл бөлмені жалғыз өзі жарқыратып өң беріп тұрғандай. Диванның екі қапталында қолдан жасаған, төбеге дейін тірелген кітап сөрелерінде иесіне ғана мәлім белгісіз бір жүйемен реттелген кітап, журнал, газет, папкалар.Қарсы жақ беттегі терезе жақтағы қабырғасын тірей баланың манеж- төсегі қойылған. Одан төменірек биік үстел мен үш орындық.Есік қайырылысыңда шағын үстел, оңда ыдыс-аяқ, бауы токқа косулы,  спиралі ашық электр плитка. Үстіндегі кастрөлде бірдеңе бүлкілдеп қайнап жатыр. Одан жоғарырақ қол созым жердегі радиодан біраздан бері  көпшіліктің аузынан түспей жүрген «Ақбұлак» әнін авторы шырқап жатыр.Диванда әкелі-балалы екеу отыр. Алдарында әліппе кестесі.Әкесі: — Қазір, Жанико, қазір. Скоро мама келіп қалады. Что-то ее долго нет. Сосын тамақ ішеміз, ия? Ма-ма. Ну-ка, покажи букву «М». Все правильно,  умница моя! А рядом что? Правильно, мячик. Ты уже сколько букв знаешь? Правильно, больше двадцати.  А сейчас я тебе покажу новую букву. Самую последнюю. Смотри. Эта буква «Я». Запомни – «Я». — Ты? Это не ты. Это – яблоко. — Ты емес, «Я», Жанико. Ты емес, «Я», Жанико, – деп  баласының тіліне мәз болған әкеесі, оны тік көтеріп алып, радиодан төгілген әнге қосылып, шыр айналып кеткенін өзі де аңғармай қалды: «Ақбұлақ, ақбұлақ, ақбұлақ… Сенің келіп жағаңнан әкем атын суарған, сенің келіп жағаңнан анам талай су алған».Осы кезде біреу дегбірсіздене есік қақты. Әкесі сол бетте есікке беттеді: «Сейчас, дочуля. К нам кто-то пришел. Сейчас откроем дверь».Ағылшын құлпының тегершігін бұрап қалғанда есік ашылды. Екі колында да көтерген бөктеріншектері бар Айжан. Өңі сұп-сұр, көздері домбыққандай қып-қызыл. Жәния қуанып кетіп, әкесінің қолынан бұлқына дабыстан жатыр: — Мама! Мама пиишла!Айжан күндегідей емес, бір түрлі қажыған үнмен: — Қазір, дочуля, қазір. Потерпи чуть-чуть ...Қолдарындағы бөктеріншектерді асыға қоя салды да «У-у-іһ!» деп шеткі орындыққа сылқ етіп отыра кетті. — Не, болды, Ая, жайшылық па?, – деп Елжан сұрап үлгергенше, Айжан солқылдан жылап жіберді. — Аечка, что с тобой? Ну что случилось? — Алдан-аға скончался, – деді булыға өксіген Айжан – Все случилось неожиданно. Ничто не предвещало такой исход. Летальность в таких случаях обычно не исключается. Но выживали и не такие. Ему только уход нужен был… Просто настоящий уход… Даже, скорее всего, просто душевная поддержка...Мұндайды көп көре коймаған Елжан өзінің де көздері жасаурап, Айжанға да қалай басу айтарын білмей, Жаниясын да шошытып алам ба деп алаңдап, бәйек болды да қалды: — Успокойся, Ая, ну успокойся. Не істейсің енді, әркімнің дәм-тұзы таусылатын күні болады. Өзі де ұзақ жатты ғой. Тәуір-тәуір, кризисный точкадан өтті, аман қалды, енді қауіп жоқ деуші едің ғой. Қоя койшы енді. Ая! Мына Жанико қорқып қалар ...Шынында да, мамасының жылағанын бұрын көрмеген Жанияның көздері боталап, түкке түсінбей мамасына үрейлене телміріп қарап қалыпты. — Келе ғой, боташым, – деп мамасы колдарын созғанда ғана Жаниясы әдеттегідей оның мойнына асылуға ұмтылмай, жерге түсіп, жүгіре басып, тізелерінің арасында басын қойып екпеттеген беті «Ну, мама, не плачь, ну мама-а-а !-!-! – деп аяғында өзі жылап жіберді. — Жарайды, боташым, жарайды, жыламаймын енді. Өзің де қоя ғой, қоя ғой, жарай ма? Ну, ну, вот умница. Сейчас, сейчас я покормлю вас. Папаңа бара ғой, ия? Мен беті-қолымды жуып алайын. Папасы, кейін айтармын қалғанын. Жаникомызды тамақтаңдырып, жатқызып алайық алдымен.Елжан мен Айжан үйленгеннен кейінгі бес жылдан бері бірінші рет      үн-түнсіз отырып тамақтанды. Өздері солғын отырып бірер кеседен шай ішті де, бар назарлары Жанияда болып, соны тамақтандырып, төсегіне жатқызып, күндегі әдеттерімен ертегі айтып, ыңылдан әлдилеп ұйықтатқан соң ғана бір-біріне қарады.Айжаннын көзіне кайтадан жас тола бастағанын байқаған Елжан: — Қоя қойшы енді, Ая, сабыр етші, Ну, нельзя же так переживать. Өзің ауырып қаласың ғой. Успокоительный берейін бе? — Керек емес. Керек емес шығар… Пока ничего, думаю – выдержу. Кішкене отыра тұрайықшы, а? Просто үндемей. Немножко приду в себя, потом расскажу все по-порядку...Екеуі диванға отырды. Біраздан сон Айжан: — Елтош, анау сумканың ішінде бір үлкен пакет бар еді, әперіп жіберші.Елжан үн-түнеіз барып журналдың үлкендігіндей қалың ауыр пакетті алып кеп отырды да, айналдыра қарай бостады. Ешқандай жазуы жоқ. Ауызы желімдеулі. «Не істейін?» дегендей Айжанға карады, Айжан: — Знаешь, дай собраться мыслями. Вообще, это долгая история… Фу, опять, эта чертова привычка. «Привычка – вторая натура» дейді ғой. Я по-порядку… Мен онанда қазақша айтайыншы… Ол кісі менімен ылғи қазақша сөйлесуші еді. Сөздерді тергендей етіп, жай сөйлейтін, бірақ әдемі айтатын… Бұл пакет Алдан ағанікі. Осыдан он-бес күндей бұрын. Ия, ия, как раз сегізі болатын, понедельник. Бұрынғыдай обходтың алдында Алдан  ағаға қал-жағдайын білейін деп жұмысқа барған бетте кіргем. Ол кісі бастықтардың отдельный палатасында деп едім ғой. «Жақсымын, айналайын» деді. Шынында, ауруы жанына батпаса да әдетте жабырқаулы, әбден ой меңдегеннен жүзі сынық, сұлық жататын ол кісі маған бір түрлі сергіп қалғандай көрінді. Маған «Келдің бе?» дегендей жымнып ұзақтау карады да, сау оң қолымен бос орындықты нұсқап: «Амансыңдар ма, айналайын? Келгенің жақсы болды-ау. Шырағым, сәл-пәл уакытың бола ма?» – деді. Мен «Әрине, әрине, айта беріңіз» деп, басымды изедім. «Онда кішкене ғана отыра тұршы. Мазаңды да ала бердім-ау. Айыпқа бұйырма. Қайтейін, кісіге ісімді салмаушы едім. Амал бар ма? Алла разы болсын, алдыңнан жарылқасын. Менде бір өтініш болып тұрғаны өзіңе. Бүгін-ертең, уақытыңа қарай көрерсің. Маған анда-санда келіп жүрген орынбасарым бар еді ғой, білесің бе? Білсең, соның телефоны ана блокноттың ішінде бірінші бетте жазулы тұр, аты-жөні де сонда. Соны жазып ала ғой. Қартыңа қарай звондап, маған келіп жолықсыншы деп шақыра қойшы. Жарай ма? Жалпы осы телефонды жоғалтпашы, керек болып қалар әлі». Мен, осынша дайындалып, тапсырғандағысы осы ма дегендей қарап қалған болуым керек, «Осы еді, айналайын, бар өтінішім. Өркенің өссін, сол кісі маған тезірек жолықса жақсы болар еді», – деп сөзін аяқтады. «Мақұл, Алдан аға. Осы қазір звондаймын, алаң болмаңыз. Сестра тамақ ішкізді ме? Басқа не тапсырасыз?» – деп едім, «Ештеңе тапсырмаймын» деген соң шығып бара жатыр едім, ол кісі: «Балам, кідіре тұршы. Бір сұрағым бар еді. Осы өздеріңде сейф бар ма?» – деді. «Бар. Кейбір дәрі, документация сақтайтын сейфтер бар». «Бәріңе ортақ сейф пе? Жоқ әлде өзіңе де бекітілгені бар ма?» «Общий да бар, маған өзіме бергені де бар». — Жарайды, балам, түсіндім… Бірер күнде акылдасармыз онда.Мен шыға салысымен айтқан адамына звондадым. Ол кісі түске қарай ілігемін деді. Хабарын Алдан-ағаға жеткізіп едім, ол кісі маған тағы бір өтініш айтты: — Айжан шырағым, тағы бір өтініш айтсам, ағаңды кінәлап жүресің бе, қайдан білейін, сөкет те көрмеуіңді, көңілге де алмауыңды сұраймын. Маған бір шамалы уақытқа… жоқ… бірер күнге, паспортыңды бере тұрасың ба?.. Прокаттан бір нәрсе алдыра тұру көрек еді...» деп күмілжіңкіреп барып:  «Алаң болма, ақшасын толық өзім төлеймін» деген соң, «Ол не дегенініз, әкеліп берейін паспортымды, онда тұрған не бар?» деп ол кісінің көңілін орнықтырдым. Кейін, айтқанындай паспортымды жеткізіп бергем. Ертеңіне палатасына кіргенінде анау тұрған магнитофон пайда болыпты, дауысын аса көтермей қосып қойған. Кұрманғазы атындағы оркестр бір жігерлі күй тартып жатыр екен. Алдан аға беріле тыңдағандікі ме, көзін бір нүктеге қадап алған. Мен басында ол кісі мүлде қозғалыссыз, кірпік қақпай жатқанына қарап, бірден секем алып, тіксіне қалдым да, жайлап қана: — Аға, Алдан аға, қалайсыз? – деп бастап едім дауысым шығар-шықпас үнмен, ол кісі тез жинақталып алды. — А-а? Айжанбысың, айналайын? Мына бір күйлерді сағынып жүр едім. Көп жыл болып еді тыңдамағалы… «Адам жасында бір бала, қартайғанда бір бала» дейді қазақ. Ал жанондықтар адамға даналық қартайғанда кіреді дейді. Олар тіпті кісіні өлді демейді. Дүние алмастырды дейді. Сол екі халықтың екі ойын ұштастыра алмай жатырмын, шырағым. Менің ойымша, екеуі де дұрыс айтылған сөз. Тұнық та таза ойлар адамның балғын бала кезінде және тоқтасып, кемеліне келген, тіршілік базарынан қайтар шағына тән болады-ау деймін. Ал адам тіршіліктің арпалысымен жүргенде кезеңде күнделікті күрес, күйбең, анаған бір, мынаған бір ұмтылыс өмірдің мұраты, өмірдің мән- мағынасы туралы ойларды ығыстырып кететін болар. Соңдықтан да, адам көбіне бала кезінде бір, қартая келе бір философ болады-ау деймін. Ал өмір бойы философ болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Олар Абай, Толстой сияқты алып та терең тұлғалардың ғана еншісіне бұйырады… Ал бала-философ пен қарт философтардың ішінде, сөз жоқ, алғашқылары бақыттырақ. Олардың саны да әлдеқайда көп. Бақытты балалық шақ дейтіні де, бала күндегісін жиі  еске алатындыры да содан шығар… Бірак, балалық шақты одан да жиірек, тіпті күнде еске алып отыру керек-ау деймін. Кейінде, тіпті ағымнан жарылсам, осында жатқаңда осындай түйінге келдім. Сонда қарт-философтардың арасында да бақыттылар саны көбейе түсер ме еді, кім білсін… Уау, мен өзі көп сөйлеп, уакытыңды алдым-ау, айналдым. Шаруаң көп қой, бара ғой, балам. Маған алаң болма, менің қалым жақсы қазір, тіпті бұдан бұрын ешқашан мұндай жақсы болған емес сияқты көрінеді маған...  А-а, айтпақшы, паспортың анау кітаптың арасанда жатыр, рахмет, ала ғой!Мен паспортымды алдым да шығып кеттім. Содан бері палатасына қашан кірсем де ол кісі үнемі күй тыңдап жатады, бірде оркестр, бірде жеке орындаушы әйтеуір, ылғи тек күй. Төрт катушкасы бар. Өзі әбден ебдейленіп алыпты, бір қолымен-ақ қосып алады.Енді алдыңғы күні, күн демалыс еді ғой, Жанико екеуің зоопаркке кеткенде бардым ғой больницаға. Күніне бір-бір аралап шықпасам, ұзақ жатып үйреніп қалған аурулар  «Біздің лечащий врачымыз соқпады ғой, бірдеңе болып қалған жоқ па екен?» – деп алаңдайтын көрінеді. Кезекші дәрігерлер солай дейді. Барған бетте жолай Алдан ағаға да соға салдым, ол кісі бастапқыдан көп жақсы болып қалған. Менің барғаныма қуанғанын көрсең... — Уа-ай, келгенің жақсы болды-ау, балам. Өзім де бір соғатын шығар деп күтіп жатыр едім. Сәл-пәл отыра тұршы, көп ұстамаймын… Балам, әр адамның өзімен бірге кететін сырлары болады. Сірә, оны бөлісетін адамы кездеспегендіктен солай болатын шығар… Әлде өздері қимай кала ма?… Бірақ бәрін бәрібір айтып кете алмайды. Бұл жөнінен ақын-жазушылардың басқалардан артықшылығы бар: тұспалдап болсын, қаһармандары арқылы болсын кейбір ойларын айтып қалады, айтып кетеді… Онда да кейбірін ғана… Құдіретті Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» дегенінде түпсіз мағына жатқан жоқ па? Бірақ оны өзі туралы ғана айтпаған шығар… Өйткені, әрбір адам құпиясы көп, өзінше бір қайталанбас сырсандық қой. Өзін өмір бойы бақылап жүрген әр адам кейде өз әрекетіне де баға бере алмай қалады, себебін елге де түсіндіре алмайды, өзі де жете сенбейді. Бірақ, қайткен күнде жасайтын ісіне де, өтіп кеткен ісіне де іштей ақтау іздейді, көбіне-көп алдамшы, қисынға сыймайтын ақтау болса да, бәрібір көңілге мәдет, тиянақ іздейді… Түсініспеу де осыдан болар… Ол заңды да шығар. Өйткені, елдің бәрі де Ләйліге Қайыстың көзімен қарай алмайды ғой, онда елдің бәрі Мәжнүн аталар еді… Жоқ, тіптен олай емес, онда Мәжнүн тіпті болмас еді, онда тек Қайыс, Ахмет, Хасен, айталық Алдаберген – Алдан болып жеке-жеке ат қана болып қалар еді. Қайысша көру, тану, сезіну басқаның қолынан келмейді. Келуі мүмкін, бірақ басқаға, тек Ләйліге емес. Тек өздеріне ғана тән өзара түсіністігімен ғана олар Ләйлі – Мәжнүн… Ой, қалқам-ай мен қайдағы бір алыстағы құпияға шарлап кетіппін ғой.Осы арада Алдан аға шамалы үнсіз жатыңкырап қалып, ұялы көздерін тыңдеп отыр ма екен дегендей маған бір тастады да, әрі қарай жалғап кетті: — Айжан қалқам, өзің маған өз баламдай болып кеттің. Үнсіз түсіністік деген болады. Мен де жарытып ешнәрсе айта қойған жоқпын, өзің де аса ашық бала емессің. Бір-бірімізді мүлде білмейміз деуге болады. Өйткені, бір-біріміздің өткенмізді білмейміз. Бірақ неге екенін қайдам, өзіңе неген пейілім өзгеше. Төтелеп айтсам, ықыласым ауған балам болдың… Алты ай деген аз уақыт емес қой… Көп нәрсені анғарткан айлар болды бұл… Түнеукүні  өзіңнен «Жеке сейфің бар ма?» деп сұрап едім ғой. Темір сейфтің орны бір бөлек, сенім сейфі деген болады. Әр адамның өзіндей сенетін кісісі болады, үміт күтетін адамын сенетін адам дейді. Болашағың бар, үмітті бала көріндің маған, соңдықтан бір үлкен шаруамды сеніп тапсырайын деп жатырмын, балам...Сосын Алдан аға тағы да біршама үнсіз қалды. Бұрын ол кісі маған ылғи «қарағым», «шырағым», «қалқам», «айналайын» дейтін еді, бұл жолы бірінші рет және үнемі «балам» деп отырды. Демін ішіне терең тартып алды да, сабырмен күрсініп барып, әрі қарай сөзін жалғап кетті: — Балам, бірінші шаруа – мына жастығымның астында партбилетім жатыр еді. Осы билетті өзіңдегі әлгі сейфіңе салып сақтай тұршы. Өмір бойы құрандай сенген асыл дүние ғой, таза жерде таза қолда тұра тұрсыншы… Орны бөлек қой оның, оны бөлек қоярсың, балам… Екінші айтарым, осындағы пакеттің ішінде. Ол да жастығым астанда жатыр. Сыр дедім ғой басында, негізгі сыр да, құпия да осында. Онда үш таспа магнитофон жазуы бар. Өзің бір тыңдарсың. Өзің ғана емес, үйдегі баламмен – Елжанмен бірге отырып тыңдарсыңдар. Оны бар-жоғы екі-ақ рет көрдім ғой. Өзің семинарға кеткенде тамақ әкеліп, біраз отырып кеткен еді. Бастапқыда, шіркін-ай, өзіне лайық теңін таба алды ма екен деп іштей саған алаң болушы едім. Елжан бір көргенде-ақ сүйсіндірді. Табиғаты таза, лайықты азамат екен. Көсегелерің көгеріп, қосақтарыңмен қоса ағарыңдар, балаларым. Үбірлі-шүбірлі болыңдар, Жанияштарыңның қызығын көріңдер… Басқа айтам дегендерім магнитофон таспаларында.Ал, енді, өзіңе қоятын үш шартым бар, балам. Осы жеріңе қатты мән беруіңді өтінемін. Бірінші өтінішім – бұл пакетті өзім айтқанша ашпаңдар, тіптен әзірге үйге де апармай, осы жердегі сейфіңде ұстай тұрсаң. Қашан ашуды өзім айтармын… сездірермін… бір хабарын берермін… Бірақ, хабар берісімен, сол күні ашыңдар. Себебі бар. Мына магнитофонды да ала кетерсің. Құны өтеулі, біржола өзіңде қала берсін. Екінші шартым – сол магнитофондағы айтылған шаруаларды ауырсынбай, намыстанып қалмай қабыл алыңдар. Менің қолымнан келгені сол. Үшіншісі – бәрінен қиыны. Осы шартымды айтсам ба екен, айтпасам ба екен деп көпке дейін екі ойлы болдым. Өздеріңе сенбегендіктен емес, өзгеге салмақ болмау үшін, әзірге салмақ болмау үшін айтуды жөн көрдім. Ол шартым – магнитофондағы айтқандарымды он-бес, тіптен жиырма жылға дейін ешкімге шашау шығармасаңдар екен. Ең болмаса бір ұрпақ алмассын. Себебін жүре түсінесіңӨздеріңнің үлкендерің есейіп, сөз қадірін біле бастағанда айтуға болады. Оған дейін көңіл сейфінде, жаңағы айтқан сенім сейфінде ұстай тұратындарыңа сенемін, оған алаңым жоқ… Жалпы, алаңым азайды деп айта аламын. Бар айтайын дегенім де осы еді. Мені манадан бері сөзімді бөлмей тыңдап отырсың. Маған айтарың бар ма? Сұрағың, тілегің болса қоса айта ғой. Мені жасы үлкен, бөтен адам деп қарама, балам. Оқиғаның бұлай өрбігеніне аң-таң болып, толқып отырғаныммен, ішкі түсініксіз бір тежегіштер жібермеді, бірақ үндемей кетуге және дәтім шыдамады да, бар айтқаным: – Алдан-аға, көп нәрсе айттыңыз. Сұрақ қояды деген жерін өзіңіз мейлінше нақтылап отырсыз. Тілек бұрынғысынша біреу-ақ, бабаларымыз айтқандай қол-аяғымыз жеңіл болып, тез сауығып кетіңіз. Ал енді магнитофон өзіңізде бола берсін. Музыка тыңдап жатасыз. Ал билет пен пакетті сейфке салып қоямын. Амандық болса, үйіңізге оралатын уақыт тақап қалды. Қалған тапсырмалар болса, айта берерсіз. Ал, бұл айтқандарыңызды бұлжытпай орындауыма сеніңіз… Өз әкемнің аманатындай қараймын. Бәрін айтқаныңыздай орындаймын, сеніңіз. Елжан до сондай. Алаң болмаңыз, – деп ағымнан жарылдым.    Алдан-аға өзі де толқыды ма, мені одан әрі сөйлетпеді:– Болды, болды, балам, болды. Сүйегім риза. Келістік қой? Келіссек қолыңды әкелші, балам. Осылай Елжанның қолын ұстап, сәлем айт. Жанияштың бетінен сүй. Ал, мен сияқты мазасыз әкеңнің артық кеткен жері болса, кеш, балам. Енді бізге тыныштық жақсы. Аман жүріңдер. Рұқсат, балам. Мына үшеуін ала шықшы. Магнитофонды да. Тыңдап болдық қой. Өзіңде тұра берсін. Қайта келіп, әуре болып жүресің бе? ...– Мақұл, аға, сау болып тұрыңыз, – дедім де партбилет, пакет, магнитофонды алып, шығып кеттім. Содан бері олар ординаторскаяда жататын.… Енді әрі қарай тыңда. Алдан аға кешегі  таңертеңгі обходта да, бүгін де тыныш-тын. Сұлықтау жатқанмен, ешқандай сыр бере қойған жоқ болатын. Түстен кейінгі ел қауырт демалып жатқанмен, постыдағы сестра ол кісінің палатасынан жайсыздау дыбыс естігенге секем алып, жүгіріп барса, Алдан ағаның көздері аларыңқырап, ентіге дем алып, бір жиырылып, бір созылып жатыр екен. Шошынып кеткен сестра, жүгіре жетіп, қолын, тамырын ұстап:– Ой, не болды, аға? Бір жеріңіз ауырып жатыр ма? – деген еді.Алдан-аға құр:– Пакет… Айжан… Бүгін… – деуге ғана шамасы келгенде сұлқ үнсіз қалып, одан сайын деміге түскен. Сестра ол кісінің маңдай терін орамалмен құрғата сүртіп:– Қазір, аға, қазір. Укол саламыз. Бәрі жақсы болады. Шыдай тұрыңыз, – дейді де жүгіре шығып, главврачта жиналыста отырған маған хабарлатып, өзі ағаға укол салып, біз бір топ дәрігер жүгіріп-жүгіріп келсек, кислород қосып жүр екен.Алдан ағаның өңі сұп-сұр болып кеткен. Пульсы әзер білінеді. Екі сағаттай арпалыстық… Бірақ не керек? Еңбек өтелмеді… Беске жиырма минут қалғанда ол кісі көздерін баяу ашып таңырқай қарады да, қайта жұмды. Бізді таныды ма, танымады ма, білмеймін. Біртін-біртін пульсі бәсеңдеп, денесі суи бастады… Қиналмай кетті… Осылай… Қолымыздан ештеңе келмеді. Сөйтіп Алдан ағадан айырылып қалдық. Әрі қарайғы оқиғалардан ештеңе есімде жоқ. Тек «Үйіне хабарлау керек қой!» деген кезде ғана ес жинадым. Содан үйіне тіке хабарлау біздің халықтың дәстүрінде жоқ қой, одан да қызметіндегі адамдарға айтайық, жөн білетін үлкен кісілер естіртсін деген шешімге келдік. Содан кейін алдында Алдан аға өзі шақыртқан орынбасары Сарсен Оразалинович деген кісіні зорға дегенде тауып алып, сол кісіге айттық, Өзі бір елгезек, ағаға қатты берілген адам екен. Бірер сағат толмай ағаның үйіне кісілерді апарып, үй-ішіне естіртіп, жандарына адам қалдырып, біраз жерге хабарға жігіттерді бөліпті де, өзі бізге емханаға келіпті. Кәдімгідей қажыған. Бізден барлық мән-жайды сұрап білді де:– Ғажап адам еді. Ол кісідей жұмысқа берілген, коллективке жайлы кісі қайда? Тек ол кісіден біз үмітімізді үзген жоқ едік. Төрт ай ауырған соң тәртіп бойынша аурулығына байланысты пенсияға шығару керек қой. Сонда бүкіл коллектив «Қажеті жоқ, бір күн жұмысқа көрінсе болды, мәшинемен әкеліп-жеткізіп тастайық, сосын жаңадан бюллетень ашып, әрі қарай емделсін, күтеміз»,– деп отырып алған. Сонда Алдакеңнің өзі, жаны таза, адал адам ғой, – «Болмайды, бауырларым, заңсыз шаруаға бармайық. Мен де, сіздер де қимағанмен, тағдыр солай,– деп бізді көндірген. Топырағы торқа болсын, енді ажалға шара бар ма, бірақ таңғалатыным, ол кісі алдыңғы күні келгенде, әжептеуір тың сияқты еді?!,– деп бізге қарады. Біз әлі толық пікірге келмегенімізді, өйткені бұл кісінің қаза болғаны бізге де тосын көрініп тұрғанын, сірә, жаңадан бір тұтқиыл, тосын криз киіп кетіп, ми тамырлары жарылып кетуі мүмкін деген жорамалды айттық, Бірақ не себеп болды? Біз ол кісінің тыныштығын сақтауға, өмірге деген өз сенімін жоғалтпауын қатты қадағаладық. Сондықтан түсініксіз. Аяғында «Тексертуге қалай қарайсыздар? Үй-ішін күтейік, сол кісілердің пікіріне көнеміз ғой»,– дегенге тоқтадық.Сәрсен Оразалиевичке ақыл салғанымызда, ол кісінің бар айтқаны:– Үй ішінен келе қоятын кім бар дейсіңдер. Әйелі, үйіне алғаш барғаным сол еді, бір-түрлі аурушаң кісі ме деп қалдым. Барғаннан жүрек тұсын ұстап, жыламаса да уһілдеді де отырды. Осында келу жөнінен емеурін жасап едік, ол кісі «Мен барғанда не бітіремін? Өзім де өлгелі жүрмін, ауырып қалам, сонда дәрігер бар ма, морг бар ма өзі?» дегеннен кейін, шыдамай өзім келгенім ғой. Баласы да жалтақ па, шешесінің ауруына алаңдай ма, ол да ұмтыла қоймады. Бір інісі семьясымен санаторийде екен, екіншісі жұмыстағы мәшинесімен дачаға кетіп қалыпты. Содан екі адамды ертіп келіп тұрмын.  Олар төменде күтіп тұр.  Бізге не тапсырма бар?, – деді.Біз Алдан ағаның бауырлары, жанашырларынан ешкім келе қоймағанына таңғалдық та қойдық. Қызмет міндетімізге орай алғашқы мәселені шешіп алайық деген оймен главврачымыз Сәрсен Оразалиевичке «Сізден әзірге екі мәселені біліп беруіңізді сұраймыз. Бірі – вскрытие жасауға үй-іші келісім бере ме екен? Екіншісі – марқұмның жерленетін күнін қай күнге белгілейді екен? Мәйітті жерлеуге қашан әкетеді екен? Біз өз тарапымыздан барлық тәртібін сақтап дайындауымыз керек. Ең бастысы, марқұм неден қайтыс болғанын нақты анықтауымыз керек. Өйткені, туған-туыстары тарапынан осындай талап қою практикамызда жиі кездеседі», – деді. Сәрсен Оразалиевичтің беті қайтып, жүрегі шайлығып қалған болу керек, бірден «Мен сол жерге қайта баруға зауқым болмай тұр, бетім қайтып қалар. Онанда телефонмен сұрап білейікші» дегеніне басшымыз «Өздері басы қаралы адамдарды телефонға шақыру дұрыс бола қояр ме екен? Онанда астыларыңызда көлік болса, барып келген жөн болар. Біз күте тұрармыз» деп көріп еді, Сәрсен аға оған көнбей:– Мен білсем, ештеңе ете қоймас… Ренжімесеңіздер, осындағы телефонмен хабарласып көрсем. Ондағылардың пікірін өздеріңіз қоса естисіздер,– деді өзінің кейінгі дәлеліне өзі риза болғандай кейіппен.Біз телефон ұсындық, Сарсен Оразалиевич трубка көтерген кісіге:– Мен Алдекеңнің орынбасары Сарсен Оразалиевич қой. Емханадан звондап тұрмын. Жеңгейдің жағдайы қалай? Трубкаға шақыруға болар ма екен, біліп беріңізші, – деді. Көп кешікпей трубкаға шақырған жеңгеміз келген болу керек «Хұсния Казимовна, Сіз бе?»,– деп бастап, жаңағы екі сұрақты қойды. Телефонның жағындағы дауыс бәрімізге еркін естіліп тұр, марқұмның жесірі бірден сөздерін соза, мардымси сөйледі:– Ну что ж? Врачи сами натворили, пусть сами и решают. Причем тут мы? Чего теперь на нас ссылаться?… Впрочем, пусть вскрывают, кім білсін әлі… Ал енді жерлеу уақыты, тут не с кем и советоваться. Наверно, послезавтра, сағат он бір дұрыс шығар. Главное – банкетный залмен келісу. Алыстан шақыратындар бәрібір шамалы және келеді дейсің бе олар? Бәрі жұмыста емес пе? Да и родичей – раз-два и обчелся. Осында бір-екеуі бар, өздері табыла қойса. Ну и все. Только завтра бы успеть гроб заказать, да с кафе договориться. Он же у вас начальником был, вы и решайте. Причем тут мы? Надеюсь, вы сообщите нам о своих решениях.  – Не волнуйтесь. Все берем на себя. До свидания, – деді де Сарсен Оразалиевич «Естідіңіздер ғой, қайтеміз енді. Ол жақтан ештеңе күтпейміз» дегендей бізге қарап екі қолын жайды  да, жанындағы орындыққа сылқ етіп отыра кетті. Жаңағы түңілген екпіні тарқамаған болу керек « Вот так. Өлдің-біттің деген осы. А хотелось бы совсем иначе. Кешіріңіздер. Біз күте тұрайық па? Вскрытие ұзаққа созылса бір айналып келейік пе?, – деп барып  тоқтап, сұраулы түрмен бізге қарады. Біз «Несін күтесіздер? Вскрытиеға кемінде екі-үш сағаттай уақыт кетеді» дегенімізде, «Жоқ, ол кісіні моргке орналастырмай біз кетпейміз» деген соң, біз көндік.  Вскрытие жасадық. Сол алдындағы ойлаған жорамал дұрыс болып шықты. Мидың ұсақ тамырларының біразы үзілген де жаппай қан құйылып кеткен. Жүрек те дал-дал.  Содан кейін ол кісілер ағаның денесін моргке өздері апарысып, орналастырып, жайғастырған соң бір-ақ кетті.Менің басым шыңылдап, өңім бұзылып кеткенін көріп, маған біраз дәрі беріп, коллегалар үйге таксимен әкеліп тастады. Бар-жоғы осы.ҰйықӘңгімесін аяқтай бере Айжан тағы да бір өксіп жылап алды. Күні бойы пакетті жас балаша алдына алып отырған Елжан қайтадан «Не істейін?» дегендей Айжанның бетіне қарады. Айжанның дауысы дірілдеп шықты:– Не істейміз?.. Ашу керек шығар… Ағаның соңғы айтқаны да осы пакет еді ғой. Онда да бүгін ашу керек деген еді...    Елжан «Мақұл, бүгін болса, бүгін», – деп барып пакетті сынатын заттай жайлап көтеріп, диванға қойды да, түрегеліп барып, қарындаш ұштайтын жіңішке, жүзі ұзынша бәкісін әкеліп, диванның алдына, операция жасайтындай, екі тізесімен жүрелей отырды. Сонан соң пакеттің жаппа тілігінің жоғарғы бұрышынан саңылау тауып, оған бәкісінің жүзін сыртына қарата сыдыра тілді. Пакет ашылған соң Ал, енді қайтеміз?» дегендей тағы да Айжанға қарады. Айжан әу баста үнсіз ғана «өзің біл» дегендей екі иығын қиқаң еткізді де, содан кейін үн қатты:– Алдымен анау магнитофонды дайындап, қосуын үйреніп ал, паспорты ішінде. Тек дауысын жайырақ қой, Жанияшты оятып алармыз.Елжан магнитофонды біраз айналдырып, нұсқау қағазына үңіліп, жүргізуін үйренді де пакетті қайтадан қолына алып, ішінен үш орам магнитофон таспасын алып шықты. Таспалардың сыртқы қораптары нөмірленген екен. Одан кейін пакетте тағы бірдеңе қалған сияқты болған соң ашыңқырап үңілсе, қағаздар жатыр. Оларды да алып шықты. Елжан оларды Айжанға ұсынып еді, ол «Өзің оқи берші», – деді мазасыздана екі шекесін уқалап. Елжан алдымен ішінде қатты мұқаба бар екі бүктелген жұқалау қағазды ашып еді, алдына жинақ кітапшасы сусып түсті. Оны жаңағы жерге салып, қағаздағы ірі баспа әріптерімен бір жағына қисайта жазылған қағазды екі жағын аударыстырып бір қарап алды да, тамағын сәл кенеп алып, дауыстап оқи бастады:«Қымбатты балаларым менің – Елжан мен Айжан, немеремдей ыстық болып қалған Жанияш!Ең алдымен сендерден өтінерім: қартайғанда адасқан қаздай болған ағаларыңды сөге көрмеңдер. Өз басым кісі танысам, өздерің тәрбие көрген, оң-солдарыңды жақсы аңғаратын, азаматтықты, адамгершілікті ту еткен иман жүзді, нағыз елшіл жандар екенсіңдер. Дән ризамын және болашақтарыңнан зор үміт етемін. Сондықтан бұл дүниедегі соңғы сырымды өздеріңмен бөлісуге тәукел еттім.Бірінші тілек. № 1 таспадағы жазу менің жалғыз ұлым, жалғыз үмітім Ерікке арналған еді. Түсінікті болсын деп жартылай орысша, жартылай қазақша айттым. Ол таспаны мамасына көрсетпей Ерікжаныма тапсырарсыңдар. Қашан тапсырасыңдар, оны өздерің білесіңдер. Адам өмірінің небір шырқау, небір құлдырау сәттері болады. Сол сәтте ғана күнделікті құбылыстың өзінен үлкен қорытынды шығарады. Басқа уақытта мән бере қоймайды. Ол сәтті таңдауға өздеріңнің ақылдарың жетуі тиіс. Балама айтарым сонда жазылған. Бар үмітім, өмірімде жасай алмағанымды осы өсиет-аманатыммен түзетпек болып жатырмын. Суға кеткен тал қармайдының кері ғой. Қайтейін...Екінші. Азын-аулақ жиған-тергенім бар еді. Соны үшке бөлдім. Бес мыңын бәйбішеме, үш мыңнан Ерігім мен өздеріңе. Өтінерім, өздерің намыстанып, алмай қойып жүрмеңдер. Оның үстіне енді ол жинақ кітапшасын біздің үйдегі бәйбіше білсе, үлкен дауға қаласыңдар, менің де тынышым кетер, әруақтар қозғалар. Сондықтан, жаратушының қалауымен кейінде кезіккен бір баламсыңдар, әкесінің тартуы қарыз болмас деген бар. Ойланбай, қабыл алыңдар, еш алаңдамай, игіліктеріңе ұстаңдар.Үшінші. Ендігі қалған жинақ кітапшасын кешіктірмей біздің үйдегі кісінің қолына тапсырарсыңдар. Тіптен осы хатты оқыған күні берген дұрыс болар. Әйтпесе, жалпы жинақтап жүрген қаражатым бар екенін сезеді, қанша екенін білмейді, кеңседегілерге әңгіртаяқ ойнатуы мүмкін. Сондықтан тезірек...Қалғанын өздеріңе арналған соңғы сөзімнен естірсіңдер...Қайыр, қош! Өмірлі болыңдар. Адамға амандықтан кейінгі керегі –абырой. Абыройларың биік болсын. Менің қателігімді қайталамаңдар. Ел мен жерді, ата-аналарыңды қастерлеңдер. Оларға адал болыңдар. Қазақтың бар жақсы қасиеті ауылда сақталған. Туған топырақтан тамырларыңды үзіп алмаңдар. Үрпақтарыңның бойына да осыны сіңіріңдер.Амандықтарыңа, абыройларыңа, бақыттарыңа мәңгі тілеуқор әкелерің Алдаберген».Хатты оқып болысымен Айжан мүлде шыдамады. Елжанды құшақтап жылап жіберді:– Не деген тағдыр, не деген аянышты тағдыр?! Ұрпағы бар адам да жалғыз болады екен ғой...Елжан Айжанды әрең уатып, зорға қойғызды. – Жыламашы, Аечка. Қоя қойшы. Алдан ағаның тапсырмасын орындау керек қой...Осыған тоқтаған екеуі қалған қағаздарды қарастырды. Шынында да бір книжка Құсния Каримовнаның, екіншісі – Еріктің, үшіншісі – Айжанның атына жазылған екен. Мұрагерлік кепіл қағазда барлық дүние мүлік, оның ішінде машина, әйелінің атына қалдырылатыны жазылып, нотариус мөрімен бекітілген. Аяғында өзінің мүрдесін жарып, тексермей-ақ қабірге бүтін түсіруін, табытқа тек бейіт басына дейін салуын, елге апармай-ақ осында әкесінің аяқ жағына қоюды сұрапты. Өзіне орнататын ескерткіш-сайғақты да әкесіне қойылғандай тастан және одан асырмай жасатуды өтінген.Үй ішін еріктен тыс жайлаған үнсіздікті Елжан бұзды:– Біз бұл қағаздарды ертең ертемен апарып берейік. Барып көңіл айтайық,… Енді Алдан-ағаның бізге айтқандарын тыңдасақ қайтеді!?–  Өзің біл, Елтош.Елжан  бірінен соң бірі екі таспаны қосты. Магнитофоннан Алдан-ағаның баяу қоңыр дауысы естілді. Екі тыңдаушы да біржола үнсіз қалды. Жаңағы дауыс екеуін де алыс та, түсініксіз де дүниеге алып кеткендей...«Қымбатты балаларым менің… Ғұмырымның кешқұрымы таяп келеді. Таяған сайын қимай да барам бұл дүниені, сыймай да барам, қайтейін. Сөйтсем де тәуба қыламын іштей. Өмірдің қашан, немен бітерін кім білген? Дәм таусылар күнім жақындаған соң осы сырымды кімге айтып кетерімді білмей қатты қиналдым. А-а-ай, қатты қиналдым-ау… Өмір бойғы жасаған барлық қате, кезінде жолатпауға жігерім жетпегендіктен жинала берген барлық өкініш батпандай басты-ау жанымды… Шыбын жан шығып кетпегенсің қайтесің?.. Тәуба, тәуба, өздерің кезікпегенде ең үлкен өкінішім сол болар ма еді, кім білсін...Оңашамын. Жалғыздық оңашада ерекше батады екен. Ойда жоқта міндетім кісіде қалды. Барған сайын із-аяғы суып, келіп-кетушілер де сиреді. Үйдегілердің де мүлде хабарласпағанына айдан асып барады. Ең соңғысында келген Ерік те бір сағат бойы үн-түнсіз отырып-отырып кетті. Одан сессиясы  басталды да өзімен-өзі болған шығар...Жалғызбын… Жалғыз қалдым… Жалғыз кетіп барамын. Туа жалғыз болған жоқпын, жүре жалғыз қалдым. Кейінгісі өкінішті-ақ. Табиғат бермегенді тартып ала алмайсың, барыңды жоғалтқанның өкініші удай болады екен...Мен бірінші бесжылдық басталып, қырда елдің бар малын тартып алып, ортаға салып, қысаспен қолдан колхоз жасап, байларды құлаққа тартып, ел дүрбелеңге ұшырап жатқанда дүниеге келіппін. Менен үш жас үлкен апам болған екен, түрі есімде жоқ, тек қасы мен көзі ғана көз алдымда тұрады да қояды. Мүмкін, ол емес те шығар, фото жоқ кез ғой, бірақ сол Әспет апамды ойлағанда таң қалғандай дөңгелене көтерілген жіп-жіңішке қастар мен шарасынан төгілейін деп жаңа жылайын деп дым тартқан қап-қара үрейлене қараған көздер ғана ойыма түседі.Әспетті толық білмейтінім, ол менің төртке толар толмас кезімде опат болған көрінеді. Шешемнің айтуы бойынша бүкіл қазақ елі бар малын жаппай ортаға салып, күйзеліске ұшыратқан есерсоқ науқанның аяғы аштыққа ұласқан. Әбден титығы құрыған ауыл адамдары әркім өзі сағалайтын пана іздеп босып кеткен. Біразға дейін шыдап көрген біздің үй әл-қуаттары тайып бара жатқан соң, бірнеше күн соққан боран басыла салысымен, Әспет екеумізді біресе жетектеп, біресе арқалап жаңадан өндіріс аша бастаған қалаға қарай бет алған.Жаяудың жүрісі өңген бе, жолдағы қыстаққа жетуге бие сауым мезгілдей ғана аралық қалғанда бәріміз қалжырап, бір топ қарағанның түбінде ықтап отырғанда ойда жоқта жан-жақтан тоғыз қасқыр жөңкіліп келіп, бәрімізді анталай қамалаған. Әкем қолындағы ырғай таяқты олай-бұлай сілтеп, оларды үркітпекші болған. Ырғай бір кезде әдемілеп таспалап өрген бишіктің сабы болыпты. Өрілген қайысын оның алдында тарқатып-тарқатып, жолда шәугімге қайнатып бір жұмадай талғажау етіп, жеп қойыппыз. Онымен қоса күмістелген кісе де, ондағы мүйіз сапты пышақтың қыны да қоса кетіпті. Сонымен, әбден ашыққан қасқырлар құр таяқты қайтсін, көздері қанталап, от шашқан беті бір үйір қасқыр тұрсын ба? Біртін, біртін, қар тарпып тақай берген, тақай берген. Сөйтіп, бізді біржола айнала қоршап алған.  Топ бастаған арланы азу тістерін ақсита шаңқылдай ырсылдап екі-үш рет бізге ұмтылған екен, жез таспамен өрілген салмақты таяқ тиген сайын тайсақтай берген. Бірақ әкем екі қапталдан да бірі бүгіле жылжып, бірі жербауырлай жақындап, бірі керенау шегіншектеп, ойқастай ұмтылып жүрген кезде әрқайсына  кезек-кезек қараймын деп көзі тая бергенде жалы күжірейген арланы  шапши ұмтылып, сілтеген ырғай таяқты қолынан жұлып түсірген. Жанұшырған әкем қонышында жүретін кездігін алып үлгергенше арлан тұра шапшып, екеуі ұмар-жұмар арпалыса құлайды. Кездікті арланның кеуде тұсына бірнеше рет қадап көргенмен, әлсіздіктен қолдарының қуаты қайтқан ба, арлан құлай қоймапты. Оның үстіне кездік қолдан сусып түсіп қалады. Содан жандәрмен болған әкем итқұстың алқымына жармасады. Қасқыр қанша әлді болғанмен адамның қарысып қалған қолдарынан құтыла алмай біржола құлайды. Ол екі ортада басқа қасқырлар мені көтеріп, Әспетті қалқалап тұрған анама ұмтылады. Құлап түскен біздерге қарай жеткен бетте әкем қасқырдың езуіне бас бармағын тығып жіберіп, басын қайқайта тартып, кездікпен кеңірдегін орып жібереді. Бізге шапшыған қаннан анам екеуміз ештеңе көрмей қалыппыз. Ол екі ортада және бір қасқыр қараусыз қалған Әспетті білек тұсынан тістеп алып қашқан. Қатарласа жөңкіген басқалары қоса таласып Әспетті дода-додасын шығарып, жан-жаққа бытырай жөнелген. Сөйтіп, ата-анамыз аты жасар тұңғышынан айырылып, естерінен танып қалады. Анамның дұға бағыштап отырғанда сол күндерді амалсыз еске түсіріп, кемсеңдеп жылап зорға айтып отырғаны әлі есімде. «Қарғыс атқыр, көріңде өкіргір қу Голошек
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз