Өңір

Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР. Періштелер жоқ жерде...

Достар бүгін тағы кездесті. Олар әшейінде әр сөзі мен әрекетіне мұқиятбақылау жасап, өзгеге ішін бермей түксиіп жүргенімен, жеке қалғанда ойларына некелсе соны айтып, не қаласа соны істеп әуейіленіп кетеді.

Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР. Періштелер жоқ жерде...

Ең қымбат көліктермен ең әсем виллалардың, нарқы жоғары жерлер мен құнды акциялардың иелерімұндайда өңдегі суықтықты, сақтықты, дипломаттық қарым-қатынасты ұмытады. Араларынабөтен адам кіргізбей, ең таңдаулы орындарда құпия көңіл көтеретін достар оңашаотырыстың бірінде бір-бірін таң қалдыруға уәде байласты. «Ештеңе таңсық емес»деп басталған даудың қашан туғанын ешкім аңдамай да қалды.

— Сонымен, шарт қандай?

— Ең бастысы, бір-бірімізді қайталамаймыз!

— Сосын, кім қалай таң қалдырам десе де шектеу жоқ!

— Таң қалдыратын адам қайда апарғысы келсе де ешкім қарсы болмауы керек!

— Жо-жоқ. Бұл тым артық!

— Неге?

— Менің ұсынысым, таң қалдыру тек осы елде ғана болсын. Сыртқа, яғни,шетелге шықпайық.

— Айтпақшы, біреудің таң қалған, таң қалмағанын қалай білеміз?

— Әркімнің арына салайық!

— Пах, арға бағына қалғанын қара!

— Түрлі сұмдық болатын сияқты-ау...

— Неге сұмдық дейсің?

— Енді түрлі сұмдық ойлап табатындарың рас қой. Мені жақсы бір іспен таңқалдырам деп ойламай-ақ қойыңдаршы.

— Сонымен, қашан бастаймыз?

— Дайынмын дегендерің бүгін-ақ бастай беріңдер. Ертең демалыс. Мен бәріне хошпын.

— Жоқ, бүгін тым тығыз болып кетеді. Бір апта уақыт берілсін бәрімізге. Ал,кім бастайтыны жеребе арқылы анықталсын.

— Келістік. Ал, тарт жеребеңді!

Олар ақ қағазға сан ретін жазды да ортаға шашып кеп жіберді. Таласа тармасаалған жігіттер өздерінің нешінші екенін айғайлап айтып жатыр. Біреуі сол ретбойынша тізімдеп шықты.

— Мен төртінші екенмін. Келісім берсеңдер сендерді бүгін-ақ таң қалдырайын, — деді біреуі жүн кеудесін орамалмен ысқылап.

— Менің қарсылығым жоқ, — деді бірінші. Бәрі оны бірауыздан қолдады.Өйткені, іштеріне біраз жынды су барған, шетінен көңілді. Оның үстіне басқосқандарына көп уақыт өте қойған жоқ, қу көңіл тағы бір қызықты қалап тұр.   

— Ендеше, бір айналдырып құйып жібер. Ол жерге тым сергек бару міндеттіемес! — деді манағы жүн төс.

— Әй, бізді қайда сүйреп бармақсың?

— Ойын шарты бойынша баратын жер алдын ала айтылмайды және талқыланбайды.

— Келістік. Баста бізді, ұлы мәртебелі қолбасшым!

— Көшбасшым де!

Олар қарқылдай күліп, әр нені сөз етіп жүріп киініп, сыртқа шықты.Көліктеріне отырып, жолбасшыларының соңынан ерді. Көп ұзамай орталықтағышетелдік үлкен мейрамхананың алдына тоқтады.

— Әй, сен бізге иттің етін жегізгелі жүрсің бе?

— Әлде бақа-шаян ба?

— Онда бізді таң қалдырам деп дәмеленбей-ақ қой. Біз оны сол отанына барыптұрып жеп келгенбіз.

— Үндемей ғана ере берсеңдерші соңымнан!

Жүн төс сенімді адымдап бастай жөнелді. Алдын ала хабарлап қойған ба,алдыларынан қысық көз біреу шықты да қосымша есіктен кіргізіп, ұзын дәлізбеноңаша бір бөлмеге әкелді. Қызыл-жасыл жарығы жарқ-жұрқ еткен бөлмеде караокэ,бильярд столы, мойны сорайған кальян, қысқасы, керектінің бәрі тұр. Олардастарқанға отырып, қызыл-жасыл мен даңғаза әуенді сөндіргеннен кейін жүн төсжаңа өздерін бастап келген қысық көзге иек қақты. Ол «Түсіндім» дегендей жылыжымиып шығып кетті. Сәлден соң есік ашылып, түрлі сусындар мен шөп-шаламдарынкөтеріп даяшылар кіре бастады.

— Мұныңмен де бізді таң қалдырам деп ойлама! — деді достардың бірі.

— Ау, дәл соныңды ашпай-ақ қойшы, исі қолқаны қабады, — деп екіншісідаяшының қолындағы шөлмекті нұсқады.

— Негізі, үлкен астың алдында жиіркенбей осыдан бір-екі тартып жібергендеріңжөн еді, — деді жүн төс.

— Жоқ, баяғыда бір дәмін көрем деп, ұшынып, өліп қала жаздадым. Керек емес.Егер ішкізгің келсе өзіміздікін алдыр, — деді тағы бірі. Сонымен, ортаға өздерінікікелді. Бәрі дабыр-дұбырмен сілтеп отырғанда беті жабылған үлкен ас та жетті.Иісі мұрын жарады, тәбет ашатын қоспаларды аямай-ақ пайдаланған сияқты.Әркімнің алдына қос табақтан тартылды. Бірінде ет сорпасымен, екіншісіндедәмдеуіштер мен көкөністер қосылған қуырдақ. Ішімдік бойларына тарап, желігіпалған топ тамаққа қомағайлана бас қойды. Маңдайлары тершіп, бірі сүйек мүжіп,бірі сорпаны ашқарақтана ұрттап отыр. Кекірігі азып, газды су сұраған біреуіжұмсақ орындыққа шалқая түсіп:

— Ал, бауырым, салтанатты көрінісің қашан басталады? — деді.

— Қандай көріністі айтасың? — деді жүн төс.

— Әлгі бізді таң қалдырмақ болғаныңды айтам!

— Аа. Қазір сәл шыда. Басқалар да тамақтанып болсын. Қайда асығасың?

— Жоға, асығыстық жоқ. Сен ұмытып кетпесін дегенім ғой.

Көп ұзамай бәрі тамақтанып болды. Марғау тартып, бойларын ауырлап, жантаякеткендері де, орындарына шалқалай жатқандары да «Ал, не дейсің?» дегендей жүнтөске қарайды.

— Қалай, дәмді ме?

— Сөз жоқ. Тіл үйіреді екен.

— Ал, ненің етін жегендеріңді білесіңдер ме?

— Иттің бе?

— Торай болар...

— Жоқ!

— Ары ұзаса борсық немесе суыр!

— Жоқ!

— Зарықтырмай айтсаңшы енді!

— Бізді, барлық құрлықты аралап ұлу мен маймылға дейін жеген бізді тамақпентаң қалдырам деп отырсың ба?

— Онда айтайын. Сендер қазір ғана адамның етін жедіңдер!

— Не-ме-не?

— Оттайсың!

— Сену, сенбеу өз еріктеріңде. Мен таң қалдырдым деп ойлаймын.

Бөлме ішін үнсіздік жайлады. Ұзақ үнсіздік. Мүмкін мүлде қысқа үнсіздікболар. Кенет біреуі лоқсыған күйі орындықтан еденге аунап кетті.

— Иттің баласы! — деді бірі. — Иттің баласы, қазір сені сол адамдардың артынанжөнелтем!

Дастарқандағы пышақты жүн төске қарай лақтырды. Жүн төс бұғып үлгерген жоқ,пышақ ұшып барып босағаға соғылды. Бұл уақытта қолына шанышқы алған ол столдыайналып бара жатыр еді. Есін әлі толық жия алмай есеңгіреп қалған достар арағатүсе кетті. Бірі жақтап, бірі араша түсіп, бірі құсып, енді бірі өзімен өзіқайта-қайта арақ ішіп, әп сәтте атшаптырым бөлменің астаң-кестеңі шықты.Апыр-топырға мейрамхананың тәртіп бақылаушылары араласты. Бірақ, әрине, бірағыбар ғой бұл топтың! Басқа қонақтары секілді бұларды сүйреп шығарып тастамады.Қираған дүниелерді төлейсіңдер деп кепіл зат та алған жоқ. Бәрі сабырға келгенсоң ештеңе болмағандай қираған ыдыстар мен төңкерілген столды, сынған теледидармен орындықтарды сөзге келмей ауыстырып, жинап-теріп, түк болмағандай қайтадандастарқан жайды.

— Болар іс болды, — деді, осы топты ылғи ұйымдастырып, бас-көз болыпжүретін қасқабас үсті-басын ретке келтіріп жатып. — Осы тойғанымызбен артымыздықысайық! Бұл ойынның басы да, соңы да осы болсын!

— Ойын тоқтамайды, — деді манағы пышаққа үйір бойшаңы. — Ойын жалғасуытиіс. Бірақ, мынандай иттікке жол бермейік!

— Бұл иттік емес. Ойын шартында осы елдегі кез келген нәрсемен таңқалдырамыз, шетелге шықпаймыз деп келіскенбіз. Және бұл мейрамхананы елімізгемен әкелген жоқпын. Жұмыс істеп тұрғанына он жылға жуықтады, — деді маңдайынасулы шүберек басып отырған жүн төс. Жейдесінің жағасы мен бір жеңі айырылыпкетіпті.

— Дегенмен, бұл дұрыс болмады, — деді бірі. — Егер біреуміз осыдан ауырақалсақ, барлық шығын сенің мойныңда!

— Рас, ойнасақ та шектен шықпайық, — деді тағы бірі.

— Сонда қалай? Сонда осыны білетіндер, арнайы іздеп келіп жейтіндер бар ма?

— Әрине бар. Бәрің білесіңдер, ол елде бұл баяғыдан мәлім. Қолы жеткендерсондай мейрамханаларға барып, тапсырыспен жасатады. Құны удай. Әсіресешарананың бағасы қымбат...

— Болды. Осы жерден қоя салшы, — деді мұрнына сулық тығып, қанын тоқтатыпотырған біреуі. Беті-қолдарын жуып, киімдерін ретке келтіріп, өз-өздерінекелген достар қайтадан дастарқан басына жиналды. Бәрі сауығып алған, бүгіндіккетатып алмаған сияқты.

— Мына дастарқаныңда бас жарып, көз шығаратын ештеңе жоқ шығар, — деді бірімырс етіп.

— Құрсын, «Бәледен машайық қашыпты» деген. Енді сендерді таң қалдырмай-аққойдым, — деді жүн төс. Бәрі қайтадан стақанға қол созды.

 

***

… Арада апта өткенде достар қайта бас қосты.

— Кезек менде ме? — деді жеребеде бірінші болған шикіл сары. Өзі ылғи күліпсөйлейтін, қуақыланып жүретін жігіт бүгін тіпті көңілді. — Көздерің менауыздарыңды байлап қойсам ба екен?

— Мақтанбай қоя тұр. Әлемдегі бар қызықты үлгергенімізше көріп жүргеніміздіұмытпа!

— Онда еріңдер соңымнан. Бірақ, келісіп алайық. Менің дегенімненшықпайсыңдар!

— Бопты, баста!

Олар жұптарын жазбаған қалпы қаладағы ең қымбат түнгі клубқа келді.

— Егер жалаңаштармен таң қалдырам десең, алжыған екенсің!

— Кальян-палян, шөбіңе де түкіргеніміз бар!

Тобымен қарқ-қарқ күледі. Ойларында «Бұл жерде не болуы мүмкін?» деген бірсауал. Бәрі де бірінші болып ойлап тапқысы келеді. Тағы да көпшіліктен алыс,тыныш және аса қымбат қонақтарды ғана қабылдайтын кабиналардың алдына келіптоқтады.

— Ал, енді соңғы рет еркін тыныстап, өз-өздеріңе келіп, реттеліп алыңдар!Мен сиқырлы есікті ашам! — деді салтанатты дауыспен шикіл сары. Сосын, баппенғана есікті тықылдатты. Іштен анық естілмесе де бір әсем үн жетті. Шикіл сарыесікті айқара ашып, өзі бастап ішке кірді. Бөлме алакөлеңке екен, ештеңе анықкөрінбейді.

— Қане, мырзалар, бәріңіз кіріп болдыңыздар ма? Олай болса мен есіктіжауып, жарықты жағайын!

Шикіл сары даусын құбылтып, әртістерше сөйлейді. Жігіттерді қаз-қатартұрғызды да өзі есікті жауып, жарықты жағып кеп қалды. Төрде, мамық диванныңүстінде жылтылдаған сары көйлек киген бір қыз отыр. Бәрі тосылып қалды. Қыздыңқолында ішімдік құйылған хрусталь бокал. Бәрінде бір ғана ой: «Қайдан көрдім?»Үнсіздік ұзаққа созылып бара жатыр. Сәлден соң шикіл сары сенімді басып барып,қыздың қолынан сүйіп, жанына отырды.

-                    Сонымен, мырзалар!Таң қалдыру бәйгесінің жеңімпазын жариялай беруге қарсы емессіздер ме?

Араларынан біреу бәріне жақсы таныс бір есімді атады.

— Таптыңыз! Дәл соның өзі! Анджелина Джоли, Бритни Спирс, Дженнифер Лопес, Мадонна,Селин Дион, Джулия Робертс, Пенелопа Крус, Камерон Диаз, Шакира, Си си кетч,Тейлор Свифт… тағы кім бар еді? Кезінде әлемді тамсандырған аруларестеріңізде ғой. Ал қазір күллі дүние осы аруға қарап аузының суы ағып отыр!Қолынан сүйгеніңіз не? Жүріп өткен ізінен сүйсем деп, сыртынан болса да біркөрсем деп!

— Рас, бұл тым тосын жаңалық болды!

— Таң қалдыңдар ғой, иә? Форбес журналы бұл аруды осымен екінші ретәлемдегі ең қымбат әнші деп бағалады.

— Сонда біз бұл аруды көрдік. Жарайды, қолынан сүйерміз немесе қазірдастарқандас болармыз. Сонымен бәрі бітті ме?

Жігіттер есін жия бастады. Кезегімен келіп қыздың қолынан сүйіп, ілтипаткөрсетіп жатыр.

— Сонда сендерге одан артық не керек?

— Қызықсың, бауырым! Бізге көп нәрсе керек. Оның үстіне мұндай мүмкіндік күндебола бермейді.

— Сендердің осындай ашқарақ екендеріңді білетіндіктен, ол жағын дақарастырып қойғам!

— Содан?

— Содан дейтін несі бар? Бұл ханшайымның бір елге келу құны елу миллиондоллар тұрады. Оны өзім көтердім. Ал, басқа шаруаларыңа, кешіріңдер, мырзалар,мен аукцион ойнатам. Кім жеңеді? Сол алады!

— Бір-ақ адам ба? Сен не, ақымақсың ба?

— Бауырым, бұл жезөкше емес. Ал, әлемдегі ең қымбат жезөкшелердің бір түніқанша екенін интернеттен өздерің де көрген боларсыңдар? Бұл мегажұлдыз! Бүкіләлем бір көрсек деп ынтығып отырған перизат!

— Бағасын асырдың. Сенен жақсы продюсер, жо-жоқ, жап-жақсы сутинер шығадыекен!

Бәрі жарыса күліп алды. Анандай ғажайып қызды мүлде ұмытып кеткен. Малсаудалап жатқан сияқты, абыр-сабыр. Мегажұлдыз өзіне қарағандарға бокалын біркөтеріп қойып, күлімдеп отыр. Мүлде бейкүнә тәрізді.

— Онда не тұрыс? Аукционыңды баста! Доллармен бе, еуромен бе?

— Маған бәрібір!

— Жоқ. Мен аукционға келіспеймін!

— Не боп қалды?

— Жігіттер, мен жаманды-жақсылы алты-жеті жыл экономика министрі болдым.Енді ойлап қараңдар, қыздың келу-кету сапары толық төленген. Солай ғой?

— Солай!

— Аукционнан түскен ақшаны тағы соған бермекпіз? Солай ма?

— Солай!

— Ол өзіне тиесілі ақшасын алып қойған. Тек, бір шаруа ғана қалып тұр. Распа?

— Рас!

— Ендеше, біз аукцион деп несіне даурығамыз? Аукцион деген жеңімпаздытақырға отырғызу ғой. Жеребе тастаймыз. Кім жеңіп шығады, қыз сонікі. Ал, оныңқұнын ортақ жарнадан төлейміз. Сонда бағы жанған жігіттің қалтасына салмақтүспейді!

— Табылған ақыл!

— Мысалы, мен жеребеден жеңіліп қалдым. Бірақ, қызды еліне тыныш жібергімкелмей тұр. Сонда не істеймін?

— Оны енді қалтаң шешеді. Ол жағында біздің шаруамыз жоқ!

 

***

… Тағы бір апта аяғына жетті. Жеребе бойынша таң қалдыру кезегі дәу қарағакелген еді.

— Мен сендерге нағыз қызықты көрсетейін. Әйтпесе бәрің үйкүшік болыпкеттіңдер! Ешкім артық сұрақ қоймасын, бүгін мен бастықпын. Айтқанымдыорындайсыңдар, айдағаныма жүресіңдер!

Ол бәрін далаға алып шықты да жол талғамайтын үш көлікке бөліп отырғызды.Сосын, өзі бастап қала ішімен зулай жөнелді. Біраз жүрген соң үлкен бірғимараттың алдына келіп тоқтады. Тағы да өзі бастап ішке кірді. Алдынанарсалаңдап өзге ұлт өкілі шығып, бәрімен жағалай амандасты.

— Мынау қаладағы қару-жарақ дүкендерін толық қамтамасыз ететін жалғызқойма. Бұл жерде сапасыз дүние жоқ. Қалаған киімдерің мен қаруларыңды таңдап алыңдар!

— Кіммен соғысамыз? — деп күлді пышақ пен шанышқыға үйірі.

— Аңға шығатын болсақ, мен осы жерден үйге қайтайын, — деді бірі.

— Үндемеңдер дедім ғой сендерге. Аңға шығу таңсық болып па? Сондықтан,сабыр сақтаңдар, — деді де дәу қара мылтықтың ұңғысына үңілді. Қару-жарақтыңтілін жетік білетіні көрініп тұр. Қайсысын алса да сарт-сұрт еткізіп шашып, бірдемде қайта жинайды. Достар абың-күбің әңгімемен әскери киімдерді таңдайбастады. Арада бір сағаттай өткенде жасанған топ тауға қарай тартып бара жатты.Жол-жөнекей бір-екі жерге аялдап, табиғат аясында жүрек жалғап, шөл басқандостар қас қарая тау қуысында тігулі тұрған шатырға маңдай тіреді. Жол бойыұрттап-татып отырып әжептәуір қызып қалған топ шатырға бірден кіре қоймай,қаракөлеңке қоюланғанша тыста жүрді. Дәу қара әбден дайындалыпты. Бір жұмысшышашлық пісіріп жатса, қол созымда тағы бір-екеуі қойды бүтіндей үйтіп жатыр.Шатыр ішінде де қарбаласып жүрген жұрт. Айта беруге өзің жалығатын бақуаттыотырыс, кеу-кеу әңгіме, даңғаза күлкі түннің бір уағына дейін созылып,қонақтардың алды бір сөзін он қайталай бастағанда бәрі төсекке қисайды. Таза,дымқыл ауада, тұмса табиғатта ұйқылары қанып, құрыс-тырыстары жазылып, сергіпқалған топ келісіп алғандай-ақ күн шықпай оянды. Таңғы астарын ішкен соң достаршатырдан қозыкөш жердегі алаңқайға жиналды. Дәу қараның жанында бейтаныс біржігіт жүр.

— Бұл өте қызық ойын. Мүмкін, кейбіреуіңе таныс та болар. Мына жігіт арнайысынақтан өткен, әскери оқу-жаттығудың бәрін шемішкеше шаққан, ең үздіктердіңбірі.

Расымен-ақ бейтаныс темірдей тартылып тұр еді. Бұлшық еттері білеу-білеу.

-Анау көз ұшында жалау қадаулы тұр. Дүрбімен қараған адамға анық көрінеді.Осы жерден шамамен он шақырым. Біз бұл жігітті тура осындай қашықтыққатікұшақпен апарып тастаймыз. Ол межелі уақытта жалауға жетіп үлгеруі тиіс. Ал,біздің міндетіміз, оны соған жеткізбей атып түсіру!

Ол бала күні атыспақ ойнағандай бұл сөздерді тым немкетті айтып тұр. Достардыңқолында кәдімгі суық қарулар. Ең бастысы, бейтаныс қабақ та қаққан жоқ.Әлденеге бекініп алғандай тас-түйін. Дәу қара қойнынан әскери карта шығарды.

— Міне, мына шеңбер біздің ойын алаңы. Қай тараптан есептесең де жалау дәлортада. Бізде бір тікұшақ, екі мотоцикл, жол талғамайтын  үш дөңгелекті мотокөлік, бес ізкескіш ит жәнерация бар. Бәрі түсінікті ме?

— Түсініктісі түсінікті ғой. Бірақ, әр ойынның өз ережесі болады. Мәселен,бұл жігіт жалауға аман-есен жетсе немесе біз атып тастасақ, оның соңы неменбітеді?

— Жалауға аман жетсе, жүз мың еуро сыйақы алады. Жете алмаса, екеуміздіңарамыздағы келісім бойынша отбасына бес жүз мың еуро төлеймін. Сендеркуәсіңдер!

— Жә, ол жағына бізді араластырмай-ақ қой. Отбасы мұның қайда жүргенін білеме?

— Ол маңызды емес. Бұл оққа ұшса жауынгерлік тапсырма орындау кезінде мертболған болады. Ешкімге артар кінәм жоқ деген қолхаты тағы бар.

— Ал, бастадық па? Ендеше, іске сәт, бауырым! Аттан!

Бейтаныс жігіт сол үндемеген қалпы тікұшаққа барып отырды. Күнделікті жұмысынакетіп бара жатқандай тым салмақты.

— Кім қандай көлік түрін таңдайды? Қане, екі-екіден бөлінейік!

— Мен көлікке отырайын. Тікұшақты суқаным сүймейді, — деді пышаққа үйірі.Белгіленген уақытта рацияға хабар келіп түсті де, достар иттерін жетелеп көліктерінежайғасты. Тікұшақ аспанға көтеріліп, бірден бағана бейтанысты алып кеткенбағытқа қарай ұшты. Ішіндегі қос жігіт дүрбімен айналаны түк қалдырмай тінтіпкеледі. Жердегі көліктер әр бағытқа бет түзеген. Рациядан үздіксіз шыққандауыстар тікұшақтың гүріліне бірде жұтылып кетсе, бірде анық естіліп тұр. Арадаон бес, жиырма минут өтті. Бейтаныс жігіт көрінбейді.

— Жер жұтып кетті ме бұл итті! — деді қасқабас кейіп.

— Мына тауда көлік жол тауып жүре алмайды. Бар үміт бізде, — деді тағы біріайғайлап.

— Олар жалауға жақын барып, тосып жатуы керек, меніңше!

— Онда әділетсіздік болады. Ол сонша жерден жан алып, жан беріп келгендежалаудың түбінен атып тұрып ата салу жігіттік пе?

Осы кезде «Әне!» деп айқай салды қасқабас. — Әне, кері айнал. Ана тұрған топқарағайға кірді.

Ол тікұшақтың есігін ашты да автоматын дырылдатып ата бастады.

— Төменде. Сәл төмен ұш. Ол әлі сол жерден шыққан жоқ.

— Жігіттер, солтүстік-батысқа қарай қозғалыңдар. Біз оны тауып алдық, — деді екіншісі рацияға айғайлап.

— Енді менен құтылмассың, бәлем! Осы да ойын ба? Ә дегеннен таптық, бахеткізіп ата салдық, — деп сақ-сақ күлді қасқабас. Бірі терезеден төменгеүңілді. Ештеңе байқалмайды. Тікұшақ болса бір шоғыр қарағайды айналып ұшып жүр.Желігіп алған екеу ештеңенің қарасы көрінбесе де жарыса оқ атып жатыр. «Дәлқазір бейтаныс жігіт не ойлап тұр екен? Оның орнында мен болсам не істер едім?»депойлайтын бірі жоқ.

— Аналар жеткенше біз атып алсақ қызық болар еді иә, — деді вискидішөлмектің аузынан ұрттап отырған бір дос.

— Қәне, қәне, кері бұр. Анау шықты қарағайдан. Кері бұр деймін мен саған.

Тікұшақ кері айналғанда вискишіл бейтаныс жігітті анық көрді. Жанұшырыпорманға қарай жүгіріп барады екен. Алдында, бір аялдамадай ғана жердежартастар, шоғырлана өскен қарағай тұр. Оған жетсе оңай өлмесі анық. Бірақ, көздеріқанталап, еліріп алған екеу мүмкіндік бере қояр ма? Тікұшақ гүрілдеп төніп кележатыр. Оның даусы аз келгендей тып-тыныш орманды ұлар-шу қылып, автомат сақылдапжатыр. Абырой болғанда тікұшақ ойлы-қырлы жерге тым қатты жақындай алмайтын,достар да күнде қару ұстап жүрген кәнігі мергендердің қатарынан емес еді.Бейтаныс расымен-ақ шебер екен. Бір бағытта ғана жүгірмей, бірде оңға, бірдесолға лып ете қалады және жылдамдығын жоғалтпастан қайтадан артқа шегінеді.Тікұшақ айналам дегенше алға ұмтылып, тағы біраз жер ұтады. Ол тікұшақтағылардыақымақ қылып, бір-бірімен айқайластырып, ұшқыштың жер-жебіріне жеткізіп,жартасқа жетіп үлгерді.

— Біз сендерді көріп келеміз. Нысана әлі сол жерде ме?

— Иә, осында. Топ қарағайдан шығып, жартасқа кіріп кетті.

— Сол жерден қозғалтпаңдар. Біз жақындап қалдық.

— Жаяусыңдар ма?

— Иә, біздің көлік етекте қалды. Қос доңғалақты мотоцикл болмаса жалғыз аяқжолмен жүре алмадық!

Рациямен аз-кем тілдескен екеу айналасын тағы шола бастады. Дүрбіге үңіліпотырған вискишілге қасқабас дүрсе қоя берді.

— Дүрбісіз-ақ бәрі анық көрініп тұр емес пе?

— Көрінсе тапсаңшы. Маған не қыл дейсің?

— Табатын несі бар? Ол ана жартаста бізді аңлып жатыр. Көзіміз сәл тайсажоғары қарай жөнелейін деп.

— Оқты босқа ата бермесеңші. Одан бірдеңе шыға ма?

— Оққа басың ауырмай-ақ қойсын. Әне, жәшігімен тұр.

— Қане, көріне ме? Сен тағы біраз төмендесеңші.

— Бұдан төмен түсе алмаймын. Онсыз да басымды тәуекелге тігіп отырмын, — деді үшқыш.

— Тәуекелшілін мұның. Сенің тәуекеліңді біз шешеміз. Жыныма тиме өйтіп!

Вискиді шөлмектің аузынан ішіп отырған дос алдындағы қораптан граната алдыда төмен қарай тастап кеп жіберді. Дәл тасқа барып түскен гранатаның даусыжер-әлемді басына көтерді. Жартас жаңғырып, тастар күл-парша болып айналағашашылып, мүлгіген тау іші азан-қазан болды.

— Біздің оғымыз тимесе де шашылған тастың бірі басын жарды оның!

— Басын жармаса да құлағы бітеліп қалған шығар!

Жартастың етегін паналап, еңбектеп бара жатқан бейтанысты бұлар байқамады.Қарағайға дейін біраз жер. Ит ерткен жаяулар келіп қалмаса мыналардың көреқоятын түрі жоқ. Даурығып бірін-бірі тыңдар емес. Тікұшақ әлі сол төңіректіайналып жүр.

— Сендер не, еңбектеп келе жатсыңдар ма?

— Әлде көліктеріңді арқалап алдыңдар ма?

Әр сөзді айтқан сайын бірін бірі қоштап, жарыса күледі. Арада тағы біразуақыт өткенде жаяулардың алды көрінді.

— Нысана қайда?

— Нысанаң мына жартастың ішінде!

Олар тағы қарқылдады. Енді жағдай қиын. Алғашқы топ иттерін босатыпжіберді. Иісшіл иттер бағана граната жарылған жерге келіп, сәл айналсоқтапжүрді де жартасты бір айналып шықты. Сосын, келісіп алғандай арс-арс етіпжоғары қарай жүгіре жөнелді.

— Ақымақтар, жынды көбелекше бұл жерді неменеге айналып жүрсіңдер, олорманға кіріп кетіпті ғой.

— Қайдағы орман? Ол осыннан шыққан жоқ. Міне, төрт көзіміз түгел соныбақылап отырмыз!

— Басты қатырмай алдыны шолыңдар. Ол тіке бармайды. Із тастап, қиыс кетуімүмкін. Үшінші топ жалауға қарай тура тарта беріңдер!

Дәу қараның аң қағып, жол шолып әбден әккі болып алғаны әр сөзіненбайқалады. Тікұшақ жартасты артқа қалдырып орманның үстімен баяу ұшып келеді.Арнайы таңдалған алып шеңберде ағаш тым қою емес еді, бұл аңшыларға жақсы болды.Дегенмен, жарқабақтар мен шоқ-шоқ шыршалар қашқан жанға да пана болатындай.Оған аспандағылардың салғырттығы мен жаяулардың күнде қимылдамаған соң денесінауырлап келе жатқанын қосқанда бейтаныс жігіттің жалауға жетуіне көп кедергіқалмаған. Тікұшақ төңіректі түгел сүзіп келе жатыр. Жаңағыдай емес қос достөменге өте мұқият қарап отыр.

— Бұл өзі жын ба, пері ме? Жаңа қай жағымыздан өтіп кетті?

— Мүмкін әлі сонда шығар?

— Жоқ. Бір емес екі ит соңынан кетті. Олар қателеспейді.

— Қателеспейтінін қайдан білдің?

— Көрдің емес пе жаңа? Менімен салғыласпай алдыңа қарашы!

— Жер жағдайын әбден біліп алған мыстан-ау деймін. Он шақырымның жартысын жаяу-ақжүріп тастады.

— Нысана байқала ма? — деп айқайлады рацияның арғы жағындағы дауыс.

-Байқалса өзіміз де айтармыз, — деп, мына жақтағылар дарылдай күлді. Виски ішіпотырған дос масая бастапты. Мылтығын бас-көз жоқ, тарс еткізіп атып қояды.

— Жігіттер, біз бір итті тауып алдық. Өлтіріп кетіпті, — деген дауыс шықты.

— Қай маңдасыңдар?

— Шеңбердің орта шенінде. Шығысты арқаға алғанда жалау оң жағымызда тұр.

— Қап, иттің баласы расымен-ақ қиыс кетіпті. Жалауға жақындадыңдар ма?

— Жоқ, шамамен әлі екі шақырымдай бар!

— Топтаспай, араларыңа екі жүз, үш жүз метр салып жүріңдер! Біріңе болмасабіріңе ұшырасып қалуы әбден мүмкін!

— Құп болады, басеке!

— Тікұшақтағылар айыппұл төлейді!

— Е, не үшін?

— Арада екі сағат өтті. Түк бітірген жоқсыңдар. Ең болмаса жаралауқолдарыңнан келмеді.

— Мықты болсаң өзің жарала! Адам ату оңай дейсің бе?

Қасқабас тауып айттым ба дегендей, жанындағыға алақанын тосты. Вискишілжайылған алақанды бір соғып, екеуі жамырасып қалды.

— Енді бір сағатта жанармай бітеді, — деді рацияға тікұшақты басқарыпотырған ұшқыш.

— Құрып кеткір, қанша сағат ұшатыныңды білмедің бе? Неге артығыменалмайсың?

— Басеке, мен мөлшерден артық алып жүре алмаймын.

— Өшір үніңді, басекені көрсетем қазір саған!

Олар тікұшақпен жалаудың үстіне келіп аялдады. Айналада тырс еткен тіршілікиесі көрінбейді. Мынандай даңғазадан бәрі безіп кеткен сияқты.

— Осы жерге қон. Мен түсем, — деді вискишіл дос.

— Қонуға рұқсат жоқ, — деді ұшқыш.

— Сен маған тіл қайтарма. Осы жерде біржола қалғың келе ме әлде? — деді олайғайлап. Осы кезде рация сарнай жөнелді.

— Андағы жақта не істеп жүрсіңдер? Сендер жалпы ойын шартын білесіңдер ме?

— Ойындарың осылсын! Ойын дейді ғой. Менің қуығым сыздап кетті.

— Тез үшінші топқа қарай қозғалыңдар. Ол сол маңда болуы керек.

Тікұшақ қайтадан жылжып кетті.

— Атаңа нәлет, қондедім ғой мен саған!

Вискишіл ұшқышқа қарай ұмтылды. Қасқабас оны ту сыртынан құшақтап алыпжіберер емес. Екеуі тікұшақтың еденіне құлап, ары бері аунап жүр. Арада тағы біразуақыт өтті. Дәу қараның сөзі рас. Тікұшақтан еш пайда болмады. Мүмкін өзіотырғанда мана алғаш кездескенде-ақ атып тастар ма еді? Ал, мыналар екімүмкіндікті де жіберіп алды. Жердегі топ әр тараптан жалауға жақындап қалды. Бейтанысжігіт бой көрсетер емес. Сонша жерден алқынып, өліп-өшіп ақсаусақ жігіттержалауға жетіп қалғанда күнделікті он шақырымды ойнап жүріп жүгіріп өтетін арнайыжасақтың таңдаулы жауынгері қайда? Бәрі аң-таң. Рация үздіксіз саңқылдап жатыр.Қозыкөш жерде жалау желбіреп тұр. Сирек өскен қарағай мен жалаудың аралығы екіжүз метрдей ашық алаңқай.

— Әне кетті, — деп ышқынды жердегі біреу. — Әне, жалауға қарай кетіпбарады!

— Тікұшақ, ұмтыл! Тікұшақ, тездет!

Бәрі жамырап айғайға басты. Тікұшақ жалауға қарай тіке салды. Бейтанысжігіт ол аралыққа қалай жеткенін ешкім аңғармапты. Жалауға ең жақын тұстан,бағана өзі бір көрініп жоқ болған жартасқа мүлде қарама қарсы жақтан атылыпшығып, құстай ұшып келеді. Желігіп алған екеу тікұшақтың екі жақ есігінен оқтықарша боратып келеді. Жүз қадам ғана, ұзаса жүз елу ғана қалды. Артынан иттерде қуып келеді. Қарсыдан тағы екеуі шықты. Олар жалауға бұрын жететін сияқты. Біріншіжетер болса, жігіттің алдынан шығып жолын бөгейтіні анық. Оған дейін тікұшақ такеліп үлгереді. Бұл уақытта жалғыз қарағайдың түбінде мылтығын кезеніп дәу қараотыр еді. Нағыз атқыштың өзі. Екі ит жалаудың жанынан зу етіп өтіп, бейтанысқақарсы ұмтылды. Шеберлік деген осы болар, ол жүгірген күйі алғашқы иттің үстіненсекіріп өте шықты да, екіншісін құлақтан ала кетті. Екеуі ұмар-жұмар құлады да,жігіт бір аунап барып орнынан қайта тұрды, ит мойны қайырылған күйі сол жердеқалды. Осы аралықта өз екпінімен өтіп кеткен ит қайта келіп қалған еді, дәу қарашүріппені басқан болуы керек, алға ұмтыла берген бейтаныс оң жағына қарай шыр айналақұлады. Тістемекке енді оқталған ит кері шоршып түсті де жігіттің үстіне төне кетті.Оқты көтерді ме, әлде, жанды жеріне тимеді ме, итті сүйретіп бейтаныс орнынанқайта тұрғанда:

— Болды, атпаңдар!Ойын аяқталды, — деп, дәу қара рацияға айғайлап жатты. Оны тыңдайтын ес қайда?Жөн-жосықсыз тарсылдатып келе жатқан тікұшақтағы екеу бейтанысты оққа көміп өтеберді...

Жалаудың жанындағы тегіс жерге тікұшақ қонды. Жаңа ғана адам аттым-ау дегеной қаперінде жоқ, вискишіл дос дәрет сындыруға кетті. Қасқабас өлікке қарайбеттеді. Жан-жақтан бір-бірлеп басқалар да жиналып жатыр. Жалауға он метрдейғана жерде көлбей түсіп жігіт жатыр. Үстінде сау тамтық жоқ. Соңғы ит білектентістеген екен, сол айырылмаған қалпы, тісі қарысып қалыпты. Дәу қара мылтықтыңұңғысын салып жатып, әрең ажыратып алды. Бәрі жиналып, талай уақытқа дейінүн-түнсіз тұрды. Содан кейін барып, сол тұрған орындарына құлай кетті.

— Ол жеңіп еді ғой. Ол орнынан қайта тұрған соң неге қоя салмадыңдар? — деді пышаққа үйірі.

— Мен сол кезден бастап айғайладым ғой. Біреуің тыңдамадыңдар, — деді дәуқара.

— Жалауға әлі он метр бар болатын, — деді вискишіл.

— Сен мүлде сөйлемеші. Аңға ешқашан ішіп шығуға болмайды, — деді дәу қараызамен.

— Ол аң емес, — деді вискишіл.

— Саған сөз өтпес!

— Сендер тікұшақпен жүріп ештеңе істей алмадыңдар. Енді ашық жерге шыққандаұялмай қалай аттыңдар?

— Бірдеңеден құр қалғандай екеуі жарыса атып жүр ғой, — деді шикіл сары.

— Жә, алғаш атқан біз емес, — деді қасқабас. — Оның үстіне бұл жігітұтылған жоқ. Егер мені айыпты десеңдер, келісілген бес жүз еуроларыңның үстіне елумың қосайын!

— А, иә, айтпақшы, бұл жігіт саған қайдан жолықты? Бұған қалай келісті?

— Бағана киім-кешек алған қойманы білесіңдер ғой, — деді дәу қара. — Соныңқожайыны менің досым. Өзі әскери адам, қазір зейнетте. Мына жігіттің бұрынғыбастығы. Бұл соған жұмыс іздеп келіпті.

— Бұл арнайы жасақта демеп пе ең?

— Болған дедім. Кейін жағдайы келмей шығып кетіпті. Әскерилерді ары-берілақтыра береді емес пе? Ал, бұл жалғыз ұл екен. Кәрі әке-шешесі, әйелі мен төртбаласы бар. Сондықтан, таңертең барып, кешке үйіне қайтатын жұмыс іздепті. Еңқиыны, тірнектеп жүріп салған үйі, қора-жайымен қоса өртеніп кеткен.

— Бала-шағасы тірі ме?

— Абырой болғанда бәрі дін аман. Амалы құрып, бұрынғы бастығына келіп,мән-жайды айтып отырса, сәйкестік дегенді қойсаңшы, шетелдің тура осындайкиносы болып жатқан ғой. Өздерің де талай көрген шығарсыңдар. Бірақ, ол қаланыңішінде қашады. Біз сияқты еріккендер қуалап жүріп атады.

— Иә, менің есімде. Ескі фильм.

— Содан бұл «Шіркін, лайықты бағасын берсе, бала-шағам үшін мен де тәуекелетер едім» дейді. Сол жерде досым маған хабарласты. Осылай да осылай. Біржақсы, сенімді жігіт бар. Оққағар қылсаң да өкінбейсің. Сенің үш-төртбоққарыныңа бой бермейді деп. Көрейін дедім, бардым, көрдім. Келісті-ақ жігітекен. Мән-жайды түгел естідім. Сөз арасында киноны да сөз етті. Сол кезде ойымаосы ойын сақ ете қалды. «Өзіңді қаншаға бағалайсың?» дедім. «Қала шетінен шағынбір үй алсам жетеді» деді. Қысқасы, бағана өзім айтқан бағаға келістік. Қалғаныөздеріңнің көз алдарыңда өтті.

— Мен жүз мың еуро қосам, — деді пышаққа үйірі. Ұяты жеңген жігіттер өз бағаларынайтып жатты. Тек, вискишіл ғана:

— Өздерің келістіңдер. Оны ешкім зорлаған жоқ. Енді неменеге жүректеріңелжірей қалды, — деп теріс айналып кетті.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз