Қар тазаламасаң айыппұл - 75 мың теңге
Жанармай бекетіндегі қар тазаланбаса айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері аз емес.Павлодарда коммуналды шаруашылық қызметі жергілікті полициямен бірлесіп рейд өткізді.
Он екі нысан тексеріліп, екі заң бұзушылық анықталды. Бұл турады өңірдегі Жас Алаш тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, PEGAS және КазМунайГаз жанармай бекеттеріне кіріп шығатын жерлерінде қарлар шығарылмай, жүргізушілерге қауіп тудырып отыр екен.Тексеріс барысында тек ескерту хаттамасы толтырылыпты. Тағы да осындай жағдай қайталанатын болса, 30 АЕК яғни 75 мың айыппұл салынады екен.Фото: 24.kz